О внесении изменений в решение акима города Жанаозен от 10 января 2019 года № 1 «Об образовании избирательных участков» Қолданыста
Басқа 0
«Сайлау учаскелерін құру туралы» Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жаңаөзен қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Сайлау учаскелерін құру туралы» Жаңаөзене қаласы әкімінің 2019 жылғы қаңтардағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3774 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
№ 95 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 95 сайлау учаскесі
Орталығы: Жаңаөзен қаласының «Рауан» шағын ауданы, «Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№22 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: «Рауан» шағын ауданында орналасқан барлық үйлер; «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі; «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «51809 Г әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
№ 97 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 97 сайлау учаскесі
Орталығы: Жаңаөзен қаласының «Көктем» шағын ауданы, «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жаңаөзен қалалық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Рахат ауылының «Ақсу» шағын ауданында орналасқан Нұрғиса Тілендиев, Омар Бисалиев, Бөкен би, №3 көшелеріндегі барлық үйлер; Рахат ауылының «Рахат» шағын ауданындағы Саяжай, Балауса, Гүлдер, Гүлмайса көшелеріндегі барлық үйлер.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы М. Уйсеновке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.