О внесении изменении и дополнения в решение акима города Жанаозен от 10 января 2019 года № 1 «Об образовании избирательных участков» Қолданыста
Басқа 0
«Сайлау учаскелерін құру туралы» Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Жаңаөзен қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Сайлау учаскелерін құру туралы» Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3774 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
№ 105 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 105 сайлау учаскесі
Орталығы: Жаңаөзен қаласының Рахат ауылындағы «Мерей» шағын ауданы, «Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 9 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Рахат ауылының «Мерей» шағын ауданындағы Шоғы батыр, Өмірзақ Нұрбаев, Қиту Бекжанов, Аль-Фараби, Дінмұханбет Қонаев, Жайлаубай Тлеуов, Н. Тілеубергенова, Баласұғын Жүсіп, Қорқыт ата көшелеріндегі барлық үйлер.»;
№ 108 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 108 сайлау учаскесі
Орталығы: Жаңаөзен қаласының Рахат ауылындағы «Мерей» шағын ауданы, «Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 9 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Рахат ауылының «Мерей» шағын ауданындағы Мұстафа Өзітүрік, Сәнжан Боранбаев, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60 көшелеріндегі барлық үйлер.»;
№ 283 сайлау учаскесімен толықтырылсын:
«№ 283 сайлау учаскесі
Орталығы: Жаңаөзен қаласының Рахат ауылындағы «Мерей» шағын ауданы, «Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 25 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Рахат ауылының «Мерей» шағын ауданындағы 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78 көшелеріндегі барлық үйлер.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы М. Уйсеновке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.