О внесении изменений и дополнений к совместному приказу Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 10 июля 2019 года № 259 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 63 «Об утверждении критериев оценки степени рисков и проверочных листов в области регулирования рынка зерна» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 259 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 63 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 259 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 63 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19025 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақта: мынадай мазмұндағы 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын: «3-2) осы бірлескен бұйрыққа 3-2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы; 3-3) осы бірлескен бұйрыққа 3-3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы;»; көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында: 2-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) бақылау субъектілері - астықты өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен, өңдеумен және өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (астық қабылдау кәсіпорындары), сондай-ақ астық қабылдау кәсіпорындарына бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар;»; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) болмашы бұзушылық – астық саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды астық нарығы саласындағы құжаттаманы дұрыс жүргізбеу бөлігінде бұзу, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу жөніндегі талаптарын, астықты сақтау шарттарын және астық қолхаттарын беру, айналысқа жіберу және өтеу шарттарын бұзуы;»; 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «5) елеулі бұзушылық – астық саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды астықты қысқы сақтау жағдайына ауыстыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу бөлігінде бұзу, технологиялық жабдықтардың сәйкессіздігі, астық нарығы саласындағы ақпарат пен құжаттаманың ұсынылмауы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияны беру және тоқтату бойынша және астық қабылдау кәсіпорындары жыл сайынғы тексеру шеңберінде жаңа егіннің астығын қабылдауға қойылатын біліктілік талаптарын бұзу; 6) өрескел бұзушылық – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратын Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды астықтың сандық-сапалық сақталуының нашарлауына, оның ішінде астықтың жоғалу және бүліну фактілеріне, астықты сақтау шарттарының сақталмауына, астық қабылдау кәсіпорындарының олар шығарған астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындамауына алып келуі мүмкін бұзушылықтар бөлігінде бұзу, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың астық қабылдау кәсіпорнында уақытша басқару жағдайында астық қабылдау кәсіпорнынан астық көлігінің кез келген түрімен жөнелтуге тыйым салу жөніндегі талаптарын бұзу;»; 3-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері): 1) астық өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен және өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (астық қабылдау кәсіпорындары) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады; 2) астық қабылдау кәсіпорындарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар тәуекелдің орташа дәрежесіне жатады. Тәуекелдің орташа және жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Екінші кезеңде субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері) : 1) астық өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен және өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (астық қабылдау кәсіпорындары) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ге дейін қоса алғанда болғанда жоғары тәуекел дәрежесіне жатады. 2) астық қабылдау кәсіпорындарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ке дейін қоса алғанда болғанда орташа тәуекел дәрежесіне жатады.»; 5-тармақта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Астықты өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен және өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (астық қабылдау кәсіпорындары) үшін астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Астық қабылдау кәсіпорындарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар үшін астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі осы Өлшемшарттарға 1-1-қосымшаға сәйкес айқындалады.»; 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі орташа бақылау субъектісіне (объектісіне) Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасының сақталуын және субъектілердің қызметін бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар жатады.»; астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшада: реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын: « № Өлшемшарттардың атауы Бұзу дәрежесі 15 Астық қолхаттарымен уақытында жүргізілмеген операциялар елеулі »; астық нарығын реттеу саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 3-қосымшада: реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 2 Астық қолхаттарымен уақытында жүргізілмеген операциялар Бақылау субъектілері астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері 10 ақпаратты уақтылы ұсыну ақпаратты ұсынбау 0 % 100 % »; көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген 3-қосымшада: бірінші абзац келесідей редакцияда жазылсын: «___________________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің ____________________________________________________________________ саласында 138-бабына сәйкес ____________________________________________________________ қатысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы»; реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын: « № Талаптар тізбесі Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді 2 Астық қолхаттарымен уақытында жүргізілмеген операциялар »; осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес астық нарығын реттеу саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-1-қосымшасымен толықтырылсын; астық нарығын реттеу саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жоғарыда көрсетілген бірлескен бұйрыққа 3-2-қосымшамен толықтырылсын; осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жоғарыда көрсетілген бірлескен бұйрыққа 3-3-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде «Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін оның Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Басқа 1. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау үшін жергілікті атқарушы органдар үшін астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2026 жылғы 5 мамырдағы № 46 мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 4 мамырдағы № 168 бірлескен бұйрығына 1-қосымша Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-1-қосымша Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау үшін жергілікті атқарушы органдар үшін астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі № Өлшемшарттардың атауы Бұзушылық дәрежесі 1 2 3 1 Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу жөніндегі талаптарды, астықты сақтау шарттарын, астық қолхаттарын беру, айналысқа жіберу және өтеу шарттарын сақтау болмашы 2 Астық қабылдау кәсіпорнында уақытша басқару жағдайында астықты астық қабылдау кәсіпорнынан көліктің кез-келген түрімен тиеп-жөнелтуге тыйым салу жөніндегі талаптарды сақтау елеулі 3 Фактілер анықталған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде нан қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару енгізілген туралы сотқа өтініш беру елеулі 4 Астық нарығына қатысушыларда астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексеру туралы растайтын құжаттың болуы болмашы 5 Үш күн мерзімде астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабыладу кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатураларды ұсыну туралы хабарлама жіберу елеулі
Басқа 2. Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2026 жылғы 5 мамырдағы № 46 мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 4 мамырдағы № 168 бірлескен бұйрығына 2-қосымша Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымша Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін астық нарығын реттеу саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі № Өлшемшарттардың атауы Бұзушылық дәрежесі Астықты өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен, өңдеумен және өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (астық қабылдау кәсіпорындары) 1 Меншік құқығындағы астық сақтау қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктінің) болуы елеулі 2 Технологиялық жабдықтар: астық тазалау машиналарының, астық кептіру жабдығының, таразы жабдығының (белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген), тиеу-түсіру құрылғыларының, көтергіш-көлік жабдығының, жылжымалы көлік жабдығының, белсенді желдету жабдығының, астық сақтауға арналған сыйымдылықтардың, сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдықтың болуы өрескел 3 Өткізу режимінің, аумақтың қоршалуының, асфальтталған және (немесе) бетондалған алаңдардың болуы елеулі 4 Өлшемдердің жай-күйін бағалаудан өткен, зертханалық жабдықпен және аспаптармен (ылғал өлшегіштермен, кептіру шкафтарымен, зертханалық таразылармен, дәнді ұнтақтауға арналған диірмендермен, елеуіштер жиынтықтарымен, сынама іріктегіштермен, пуркалармен, ақуыз құрамын, дән маңызының құрамы мен сапасын, құлау санын анықтауға арналған құрылғылармен, астықтың залалдануын анықтауға арналған оптикалық аспаптармен); астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелермен жарақталған, астық сапасын анықтауға арналған өндірістік-технологиялық зертхананың болуы болмашы 5 Тиiстi бiлiмi (техникалық басшылар үшiн – жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiмі, мамандар үшiн – орта білімнен кейінгі (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық) бiлiмі) бар техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы елеулі 6 Интернет желісіне қолжетімділіктің болуы елеулі Астық қабылдау кәсіпорындарына бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар 1 Астық қолхаттарын шығарумен байланысты қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру бойынша растайтын құжаттардың болуы: 1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін заңды тұлғаның өтініші; 2) астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтердің электрондық нысаны; 3) лицензия беру үшін лицензиялық алым. болмашы 2 Астық қабылдау кәсіпорнының біліктілік талаптарына сәйкестігін және жыл сайынғы тексеру шеңберінде жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі растайтын құжаттардың болуы: 1) технологиялық жабдықтың бар жоғы туралы мәліметтер; 2) өткізу режимінің, аумақты қоршаудың, асфальтталған және (немесе) бетон алаңдарының бар жоғы туралы мәліметтер; 3) өлшеу құралдарының типін бекіту туралы, өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы және өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттардың болуы туралы мәліметтер; 4) астықтың сапасын ақаусыз жабдықтармен және аспаптармен айқындау үшін өндірістік-технологиялық зертхананың жарақтандырылуы туралы мәліметтер; 5) техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының болуы туралы мәліметтер; 6) интернет желісіне қол жеткізу туралы мәліметтер. болмашы 3 Тұтас алғанда немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге астық қолхаттарын шығара отырып қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жөніндегі растайтын құжаттардың болуы. болмашы
Басқа 3. Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2026 жылғы 5 мамырдағы № 46 мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 4 мамырдағы № 168 бірлескен бұйрығына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 259 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 63 бірлескен бұйрығына 3-2-қосымша Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы ________________________________________________________________ бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы _____________________________________________________________________ Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________________________________________ Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт _____________________________________________________________________ №, күні Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы____________________ _____________________________________________________________________ Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________________________________ Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________________________________________ № Талаптар тізбесі Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді 1 2 3 4 1 Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу жөніндегі талаптарды; астықты сақтау шарттарын; астық қолхаттарын беру, айналысқа жіберу және өтеу шарттарын сақтау 2 Астық қабылдау кәсіпорнында уақытша басқару жағдайында астық қабылдау кәсіпорнынан астық көлігінің кез келген түрімен жөнелтуге тыйым салу жөніндегі талапты сақтау 3 Фактілер анықталған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде сотқа астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы өтініш беру 4 Астық нарығына қатысушыларда астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексеру туралы растайтын құжаттың болуы 5 Үш күн мерзімде астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатураларды ұсыну туралы хабарлама жіберу Лауазымды адам (дар) _____________________________________________ ____________ ______________ ______________________________________ лауазымы қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі Бақылау субъектісінің басшысы _____________________________________ _____________ ____________ _______________________________________ лауазымы қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Басқа 4. Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2026 жылғы 5 мамырдағы № 46 мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 4 мамырдағы № 168 бірлескен бұйрығына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 259 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 63 бірлескен бұйрығына 3-3-қосымша Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы _____________________________________________________________________ бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________________________________________ Тексеруді тағайындау туралы акт ___________________________________ №, күні Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________ _____________________________________________________________________ Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________________________________ Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________________________________________ № Талаптар тізбесі Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді 1 2 3 4 1 Қызмет алушының астық қолхаттарын беру арқылы қоймалық қызмет көрсету қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындының болуы 2 Астық қабылдау кәсіпорнының біліктілік талаптарына сәйкестігін және жыл сайынғы тексеру шеңберінде жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету: 1) технологиялық жабдықтың болуы туралы мәліметтер; 2) өткізу режимінің, аумақты қоршаудың болуы туралы мәліметтер, асфальтталған және (немесе) бетон алаңдары; 3) өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы сертификаттардың болуы туралы мәліметтер, өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау және өлшеу құралдарын тексеру туралы; 4) өндірістік-технологиялық зертхананың жарақтандырылуы туралы мәліметтер астықтың сапасын ақаусыз жабдықтармен және аспаптармен анықтау үшін; 5) техникалық басшылардың білікті құрамының болуы туралы мәліметтер және мамандар; 6) интернет желісіне қол жеткізу туралы мәліметтер. 3 Тұтас алғанда немесе жекелеген операцияларды алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асыру бөлігінде астық қолхаттарын шығара отырып қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жөніндегі талаптарды сақтау Лауазымды адам (дар) ______________________________________________ ____________ ______________ _______________________________________ лауазымы қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі Бақылау субъектісінің басшысы ______________________________________ _____________ ____________ _______________________________________ лауазымы қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)