О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 сентября 2019 года № 679 «Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов Республики Казахстан в случае проведения расследований, предшествующих применению торговых мер третьей стороной в отношении товаров, происходящих из Республики Казахстан, и о внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1196 «Об утверждении Правил отнесения Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту және «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 679 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту және «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 679 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту және «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары»; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін анықтайды. 2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) кәсіпкерлік субъектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері); 2) кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері – кәсіпкерлік субъектілері өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің ортақ мүдделерін білдіру және қорғау мақсатында құратын қауымдастықтар (одақтар); 3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар; 4) қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шара – Қазақстан Республикасынан шыққан импортқа қатысты үшінші тарап енгізетін және ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын шара; 5) мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасының орталық атқарушы мемлекеттік органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары; 6) сауда шарасы – арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шаралары; 7) тергеп-тексеру – Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды енгізу алдында тергеп-тексеру жүргізетін үшінші тараптың құзыретті органы жүзеге асыратын рәсім; 8) тергеп-тексеру материалдары – тергеп-тексеру шеңберінде қабылданатын шешімдер туралы хабарламалар, өндірушінің немесе өндірушілердің өтініші, үшінші тараптың құзыретті органының сауалнамасы (сұрау салулары), тергеп-тексеру нәтижелері бойынша дайындалған баяндама және тергеп-тексерулер шеңберінде сұратылатын және (немесе) ұсынылатын басқа да ақпарат; 9) уәкілетті орган – сауда қызметі саласында сауда саясатын қалыптастыратын және басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 10) үшінші тараптың құзыретті органы – Қазақстан Республикасынан шыққан тауарларға қатысты сауда шаралары мен қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды енгізу алдында тергеп-тексеруді жүргізетін шет мемлекеттің, шет мемлекеттер одағының мемлекеттік органы.»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібі»; 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексеру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, оның ішінде: 1) мемлекеттік органдарды үшінші тараптың құзыретті органдарының Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты тергеп-тексеруді жүргізуді бастағаны туралы хабардар етеді; 2) үшінші тараптың құзыретті органынан тергеп-тексеру материалдарын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тергеп-тексеру материалдарын мемлекеттік органдарға жібереді; 3) мемлекеттік органдар, кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері, квазимемлекеттік сектор субъектілері ұсынған ақпаратын ескере отырып, сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды енгізудің Қазақстан Республикасы экономикасының (отандық өндіріс) жай-күйіне ықтимал әсеріне талдау жүргізеді; 4) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан тарапының түпкілікті шоғырландырылған ұстанымын (түсініктемелерін, дәлелдерін) және үшінші тараптың құзыретті органдарының сауалнамасына жауаптарды қалыптастырады; 5) Қазақстан Республикасының түпкілікті ұстанымын тұжырымдау үшін уәкілетті орган қалыптастырған шоғырландырылған ұстаным бойынша мемлекеттік органдардың қағидаттық келіспеушіліктері болған жағдайда тергеп-тексеру материалдарын Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының қарауына шығарады; 6) заңнамада белгіленген тәртіппен үшінші тараптың құзыретті органына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы ресми, оның ішінде құпия сипаттағы ұсыныстар, аргументтер, ұстанымдар мен (немесе) сұрау салулар жібереді; 7) тергеп-тексеру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен консультациялар мен кеңестер өткізеді; 8) үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тексеру сапарында мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуын ұйымдастырады; 9) үшінші тараптың құзыретті органымен жүргізілетін тергеп-тексеру шеңберінде консультацияларға, кездесулерге, келіссөздерге және жария тыңдауларға қатысады; 10) жүргізілетін тергеп-тексеру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен, шет мемлекеттердің өкілдерімен, шет мемлекеттер одақтарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. 4. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде: 1) тергеп-тексеру жүргізу мәселелері бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау мақсатында мемлекеттік орган басшысының орынбасарынан төмен емес деңгейдегі жауапты лауазымды тұлғаны айқындайды; 2) уәкілетті органнан келіп түскен тергеп-тексеру материалдарын қарайды, егер сұрау салуда өзге мерзім көрсетілмесе, оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сұратылып отырған ақпаратты, қалыптастырылған ұстанымды, сауалнамаға жауаптарды, статистикалық деректерді және үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексеру бойынша қазақстандық ұстанымды қалыптастыру және Қазақстан Республикасының (отандық өндірістің) экономика саласының жай-күйіне сауда шарасын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараны енгізудің ықтимал әсеріне талдау жүргізу үшін қажетті өзге де ақпаратты, оның ішінде құпия (таратылуы шектелген) ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді; 3) қажет болған жағдайда уәкілетті органның сұрау салуы бойынша үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексерулерге, тергеп-тексеру мәселелері бойынша тыңдауларға, консультацияларға, кеңестерге, тексеру сапарларына қатысады; 4) өз құзыреті аясында уәкілетті органның сұрау салуы бойынша үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексеруге жататын мәселелер бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асырады.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Уәкілетті орган қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолданар алдында тергеп-тексеру шеңберінде мемлекеттік органдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен, кәсіпкерлік субъектілерінен және олардың бірлестіктерінен қосымша ақпарат сұратады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.