О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 10 марта 2020 года № 14 «Об утверждении Правил отбора и координации проектов по содействию устойчивому развитию и росту Республики Казахстан, осуществляемых совместно с международными финансовыми организациями в рамках рамочных соглашений о партнерстве между Правительством Республики Казахстан и международными финансовыми организациями» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 14 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 20106 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 245) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру қағидаларында:
21-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның дайындалған экономикалық қорытындыны астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзетудің орындылығын айқындау жөніндегі тиісті бюджет комиссиясының (бұдан әрі – тиісті бюджет комиссиясы) қарауына енгізуі;».
Тармақ 2
2. Халықаралық экономикалық ынтамақтастық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың екінші, үшінші абзацтарын қоспағанда, ресми жариялануға жатады.