О признании утратившим силу постановления акимата Атырауской области от 10 декабря 2020 года № 241 «Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих аппаратов акимов и исполнительных органов, финансируемых из местных бюджетов по Атырауской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 241 қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 241 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4801 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.