О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 сентября 2020 года № 568 «Об определении перечня товаров, подлежащих маркировке» Күшін жойған
Басқа 0
«Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 568 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен айқындалған таңбалауға жататын тауарлардың тізбесінде:
ескертпенің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«*** 2024 жылғы 1 шілдеден бастап – ветеринарияда қолданылатын дәрілік заттар мен вакциналарды қоспағанда, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап өндірілген, дозаланған дәрілік нысандар түрінде (трансдермалық жүйелер нысанындағы дәрілік заттарды қоса алғанда) немесе бөлшек саудаға арналған қалыптарға немесе орамдарға өлшеп оралған дәрілік заттарға қатысты міндетті таңбалау;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.