О внесении изменений в решение Ордабасинского районного маслихата от 10 марта 2020 года № 58/2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған
Басқа 0
«Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасын бекiту туралы» Ордабасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 58/2 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес, Ордабасы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасын бекiту туралы» Ордабасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы №58/2 шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5520 болып тіркелген, 2020 жылдың 01 сәуірінде Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
7 - тармақтың 3 тармақшасындағы «біржолғы 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» деген сан мен сөз «біржолғы 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
8 тармақтың 1 тармақшасындағы «300 000 (үш жүз мың) теңге» деген сан мен сөз «1 000 000 (бір миллион) теңге» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
8 тармақтың 2 тармақшасындағы «300 000 (үш жүз мың) теңге» деген сан мен сөз «1 000 000 (бір миллион) теңге» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
Тармақ 2
2. «Ордабасы ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ордабасы аудандық мәсихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.