О внесении изменений в решение Айтекебийского районного маслихата от 10 марта 2021 года № 11 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Айтекебийского районного маслихата» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әйтеке би аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 11 «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 11 «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8107 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде (әрі қарай – Әдістеме): 41 тармақ төмендегідей жаңа редакцияда мазмұндалсын: «41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, құрылымдық бөлімше басшысымен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады. Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.» 42-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" ММ-сі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.