О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 10 августа 2021 года № 321 «Об утверждении Правил формирования перечня энергопроизводящих организаций, использующих энергетическую утилизацию отходов» Қолданыста
Басқа 0
«Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 тамыздағы № 321 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 тамыздағы № 321 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23936 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларында:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда өтініш беруші оның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес шағымданады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі