О внесении дополнений в постановление акимата Костанайской области от 10 сентября 2021 года № 429 «Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях Костанайской области» Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 429 «Қостанай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 429 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24442 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы:
келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Рудный қаласы
»;
келесі мазмұндағы реттік нөмірі 24-жолмен толықтырылсын :
«
24
Тобыл өзені
Қалалық жағажай
Рудный қаласы, Парковая көшесі, 53
».
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
комитетінің Қостанай облысының
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесі
Келісілді
«Қазақстан Республикасы Су
ресурстары және ирригация
министрлігі Су шаруашылығы
комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесі
Келісілді
«Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар
министрлігі Экологиялық реттеу және
бақылау комитетінің Қостанай облысы
бойынша Экология департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесі