О внесении изменений в решение Жаксынского районного маслихата от 10 сентября 2021 года № 7ВС-11-1 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Жаксынском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 7ВС-11-1 «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жақсы аудандық мәслихатының «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 7ВС-11-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24537 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасында: 3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 тіркелген) сәйкес есептеледі.»; 6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінуге құқылы.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.