О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 10 марта 2022 года № 74 «Об утверждении Правил отнесения категорий государственных служащих подразделений государственного экологического контроля уполномоченного органа в области охраны окружающей среды к должностным лицам, осуществляющим государственный экологической контроль» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 10 наурыздағы № 74 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 10 наурыздағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27179 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларының 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға мыналар жатады: 1) Комитет төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы; 2) Комитет төрағасының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары; 3) Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылатын: экологиялық бақылау басқармасының басшысы; мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының басшысы; Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшылары; Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының бас сарапшылары; 4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары, болып табылатын: Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшылары; Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының сарапшылары; 5) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылатын Комитеттің аумақтық органдарының басшылары; 6) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылатын: Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары; Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің басшылары; Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің басшылары; 7) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылатын: Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің бас мамандары; Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің бас мамандары; Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары; Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.