«О внесении дополнения в постановление акимата Наурзумского района от 10 марта 2022 года № 81 «Об утверждении положения государственного учреждения «Отдел культуры и развития языков Наурзумского района» Қолданыста
Басқа 0
Науырзым ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 наурыздағы № 81 «Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы қаулысына толықтыру енгізу туралы
Науырзым ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 10 наурыздағы № 81 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде»:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді».
Тармақ 2
2. «Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органдарын хабардар етуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.