О внесении изменений и дополнения в приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 10 октября 2023 года № 19 «Об утверждении положений республиканского государственного учреждения «Комитет железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан», республиканского государственного учреждения «Комитет автомобильного транспорта и транспортного контроля Министерства транспорта Республики Казахстан» и его территориальных органов» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2-қосымшада: 14-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: «9-1) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерінде орнатылған автоматтандырылған өлшеу станциясымен тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 және 22-қосымшаларында: 14-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерінде орнатылған автоматтандырылған өлшеу станциясымен тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күтізбелік бес күн ішінде осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.