О внесении изменения в приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 10 октября 2023 года № 19 «Об утверждении положений республиканского государственного учреждения «Комитет железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан», республиканского государственного учреждения «Комитет автомобильного транспорта и транспортного контроля Министерства транспорта Республики Казахстан» и его территориальных органов» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы
№ 19 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақтың 114) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«114) iшкi су жолдарын кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы су жолдарының тізбесін әзірлеу;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.