О внесении изменения в постановление акимата Осакаровского района от 10 октября 2023 года № 86/02 «О расширении категории получателей услуг инватакси» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» Осакаров ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы №86/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» Осакаров ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы 86/02 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6501-09 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 19-бабына, «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.