О внесении изменений в решение маслихата района Жаңасемей от 10 сентября 2024 года № 10/59-VIII «Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Жаңасемей» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 10/59-VIII «Жаңасемей ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жаңасемей аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жаңасемей аудандық мәслихатының «Жаңасемей ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» 2024 жылғы 10 қыркүйектегі №10/59-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 333-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: шешімнің тақырыбы жана редакцияда жазылсын: «Жаңасемей ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы»; 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Жаңасемей ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидалары мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»; шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Жаңасемей ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидалары мен мөлшері
Шешіміне қосымша Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі №10/59-VIII шешіміне қосымша Жаңасемей ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидалары мен мөлшері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 - бабы 5 - тармағына сәйкес әзірленді және Жаңасемей ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі - мамандар) бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланады:
Тармақша 1
1) ағымдағы шот – банктік шот шарты негізінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ашатын банктік шот;
Тармақша 2
2) коммуналдық көрсетілетін қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкетуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – «Жаңасемей ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) жүзеге асырады.
Тарау 2. 2- тарау. Бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
2- тарау. Бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
Тармақ 4
4. Жаңасемей ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау, алушылардан өтініштер талап етілмей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде, екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы алушылардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен ақшалай нысанда көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Мамандарға әлеуметтік қолдау күнтізбелік жылда бір рет 13 (он үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік қолдау көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Жаңасемей ауданының бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Мамандарға коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі тізімді алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 8
8. ММ қызметкері денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мемлекеттік ұйымдардың тізімдерін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74 бабтарына сәйкес мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары ұсынатын тізімдер сәйкес келмеген жағдайда ММ мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын алдын ала қабылданған шешім туралы, әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ маманға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тізімдерді қарау нәтежелері бойынша ескертулер болмаған жағдайда ММ оң шешім қабылдап, мамандардың ағымдағы шоттарына коммуналдық қызметтерді төлеуге және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау төлемдерін жүргізеді.