О признании утратившим силу решения акима района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 10 апреля 2024 года № 15 «Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 15 шешімінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46 - бабы 2 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 15 шешімі күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы шешімді Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.