О внесении изменений в решение Денисовского районного маслихата от 10 июля 2024 года № 42 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Денисовском районе» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денисов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 шілдедегі № 42 «Денисов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Денисов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 10 шілдеден № 42 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10240-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Денисов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы»; көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Денисов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Денисов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1 сәйкес қызмет есептейді.».
Тармақ 2
2. «Денисов аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Денисов аудандық мәслихатының интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.