О внесении изменения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 10 апреля 2025 года № 129 «Об утверждении натуральных норм снабжения средствами связи, организационной техникой, программным обеспечением, аппаратными и программными средствами защиты информации подразделений Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен, бағдарламалық қамтамасыз етумен, ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 10 сәуірдегі № 129 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен, бағдарламалық қамтамасыз етумен, ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 10 сәуірдегі № 129 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен, бағдарламалық қамтамасыз етумен, ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларында
1-реттік нөмірдегі жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1
Автоматтандырылған телефон станциясы (бұдан әрі - АТС)
Ж-қ
1
8
Абоненттер арасындағы ішкі және сыртқы телефон байланысын жүзеге асыруға арналған
Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - ТЖМ), Өртке қарсы қызмет комитеті (бұдан әрі - ӨҚҚК), Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті (бұдан әрі - АҚжӘБК), Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (бұдан әрі - ММРК), Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ӨҚК), астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі - ТЖД), ТЖД қалалық, аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері
».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберу;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі