О внесении изменения в решение Актюбинского областного маслихата от 10 декабря 2025 года № 277 «Об установлении ставок арендной платы за использование памятников истории и культуры местного значения Актюбинской области» Қолданыста
Басқа 0
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 277 «Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 277 «Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесіндегі «, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 87 Мемлекеттiк меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20396 тіркелген)» - деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.