О внесении изменения и дополнений в постановление акимата города Аксу от 10 июня 2025 года № 330/5 «Об утверждении Положения о государственном учреждении Отдел культуры и развития языков города Аксу Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 маусымдағы Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 330/5 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 25-3-бабы 1-1) тармақшасына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 729-бабына, осы Кодекстің 75-тармағы 2-1) тармақшасына сәйкес Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 маусымдағы «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 330/5 қаулысына мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін: «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде: 18-тармақтың 16-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 18/16) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдану;»; 18-тармақ мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2) тармақшалармен толықтырылсын: «16-1) азаматтарды қандай да бір белгілер бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;»; «16-2) Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес қалада мандаттық хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;».
Тармақ 2
2. «Ақсу қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; осы қаулыны Ақсу қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды; осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдануды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.А.Негмановаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.