О внесении изменения в решение маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 10 апреля 2026 года № 1/43 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан района Тереңкөл Павлодарской области» Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тереңкөл аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар облысы Тереңкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 1/43 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Тереңкөл аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар облысы Тереңкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 1/43 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар облысы Тереңкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар облысы Тереңкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Тереңкөл аудандық мәслихатының 2026 жылғы 24 шілдедегі № 1/50 шешіміне қосымша Тереңкөл аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 1/43 шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар облысы Тереңкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс), Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) № 523 қаулысына, Тереңкөл аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар облысы Тереңкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 1/43 шешіміне сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар облысы Тереңкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 3
3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқару органдармен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай нысанда көрсететін көмек;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 6
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 7
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
Тармақша 8
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
Тармақша 9
9) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін ауылдар, ауылдық округ әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
Тармақша 10
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
Тармақша 11
11) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 12
12) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 13
13) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
Тармақша 14
14) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;
Тармақша 15
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік Кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері және атаулы күндердің тізбесі:
Тармақша 1
1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні – 15 ақпан;
Тармақша 2
2) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;
Тармақша 3
3) Радиациялық апаттар және апаттардың салдарын жоюға қатысушылар және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір;
Тармақша 4
4) Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр;
Тармақша 5
5) Жеңіс күні – 9 мамыр;
Тармақша 6
6) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Конституция күні – 30 тамыз;
Тармақша 8
8) Қарттар күні – 1 қазан;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының күні – 25 қазан;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан.
Тармақ 6
6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысының әкімдігі бекітетін ережелер негізінде жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Павлодар облысы Тереңкөл ауданының аумағында тұрақты тіркелген және тұратын келесі санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетеді:
Тармақша 1
1) алушылардан өтініштер талап етілмей, Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде мереке күндері мен атаулы күндерге біржолғы әлеуметтік көмек: 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күніне: Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылары мен қызметшілеріне 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде; бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде; 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарына (отбасыларына) 5 (бес) АЕК мөлшерінде; 26 сәуір – Радиациялық апаттар және апаттардың салдарын жоюға қатысушылар және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алу күніне: 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарына, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде; 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне: 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде; 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде; бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде; 9 мамыр – Жеңіс күніне: 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградтталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде; 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде; 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне: сотпен немесе "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өзге де тәртіппен саяси қуғын-сүргін құрбандары немесе саяси қуғын-сүргін құрбандары деп танылған азаматтарға 10 (он) АЕК мөлшерінде; 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне: он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде; Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 30 (отыз) АЕК мөлшерінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде; 1 қазан – Қарттар күніне: зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын азаматтарға (тұлғаларға, зейнеткерлерге) 2 (екі) АЕК мөлшерінде; зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға (тұлғаларға, зейнеткерлерге) 3 (үш) АЕК мөлшерінде; 25 қазан – Қазақстан Республикасы күніне: он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде; бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде; екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде; 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне: "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;
Тармақша 2
2) емдеуге (сауықтыруға) әлеуметтік көмек: Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылары мен қызметшілеріне, 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарына, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына емделуге (сауықтыруға) Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде бір рет 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Тармақша 3
3) гемодиализ аппаратын пайдаланатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек: бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (гемодиализ рәсімін алатын) Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тереңкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде ай сайын 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Тармақша 4
4) мүгедектігі бар адамдарды алып жүруге әлеуметтік көмек: бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүру кезінде санаторлық-курорттық емделуге, осы фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде бір рет 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде; он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға заңды өкілі он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды алып жүру кезінде санаторлық-курорттық емделуге, осы фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде бір рет 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;
Тармақша 5
5) коммуналдық қызметтерді төлеуге әлеуметтік көмек: Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылары мен қызметшілеріне, 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарына, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде тоқсан сайын (коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге) 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Тармақша 6
6) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне нұқсан келтіруге байланысты әлеуметтік көмек: дүлей апат салдарынан өздеріне немесе ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті мүлкіне, атап айтқанда тұрғын үйге, пәтерге немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылысқа нұқсан келтірілген азаматтарға (отбасыларға), тұрғын үйі (пәтері, үйі) бір бірліктен артық меншік құқығында бар азаматтарды (отбасыларды) қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттың не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), тұрғын үйге, пәтерге немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылысқа меншік құқығын растайтын құжат, дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген нұқсан фактісін растайтын құжат (алты ай ішінде жарамды), екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлерін жүргізуге лицензиясы бар ұйымдарда, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде ашылған 20 таңбалы ағымдағы шот туралы хабарлама, сондай-ақ дүлей апат салдарынан келтірілген нұқсанның фотосуреттер қоса бере отырып, өтініш негізінде бір рет 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;
Тармақша 7
7) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне нұқсан келтіруге байланысты әлеуметтік көмек: өрт салдарынан өздеріне немесе ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті мүлкіне, атап айтқанда тұрғын үйге, пәтерге немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылысқа нұқсан келтірілген азаматтарға (отбасыларға), тұрғын үйі (пәтері, үйі) бір бірліктен артық меншік құқығында бар азаматтарды (отбасыларды) қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттың не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), тұрғын үйге, пәтерге немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылысқа меншік құқығын растайтын құжат, өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген нұқсан фактісін растайтын құжат (алты ай ішінде жарамды), өрт туралы акт, екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлерін жүргізуге лицензиясы бар ұйымдарда, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде ашылған 20 таңбалы ағымдағы шот туралы хабарлама, сондай-ақ өрт салдарынан келтірілген нұқсанның фотосуреттер қоса бере отырып, өтініш негізінде бір рет 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;
Тармақша 8
8) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуына байланысты әлеуметтік көмек: қатерлі ісіктері бар адамдарға Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тереңкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде, екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарда, сондай-ақ "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде ашылған 20-таңбалы өзекті ағымдағы шоты көрсетіле отырып бір рет 10 (он) АЕК мөлшерінде; адамның иммун тапшылығы вирусы ауруымен ауыратын адамдарға Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі Павлодар облыстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде бір рет 10 (он) АЕК мөлшерінде; созылмалы вирустық гепатит және бауыр циррозы ауруымен ауыратын адамдарға Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тереңкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде, екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарда, сондай-ақ "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде ашылған 20-таңбалы өзекті ағымдағы шоты көрсетіле отырып бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде; психикалық және мінез-құлық бұзылыстарынан (ауруларынан) зардап шегетін адамдарға Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тереңкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде, екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарда, сондай-ақ "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде ашылған 20-таңбалы өзекті ағымдағы шоты көрсетіле отырып бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде; жіті миокард инфарктісі ауруымен ауыратын адамдарға (алғашқы 6 ай) Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тереңкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде, екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарда, сондай-ақ "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде ашылған 20-таңбалы өзекті ағымдағы шоты көрсетіле отырып бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде; жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары бар адамдарға Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тереңкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде, екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарда, сондай-ақ "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде ашылған 20-таңбалы өзекті ағымдағы шоты көрсетіле отырып бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде; орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялайтын аурулары бар адамдарға Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тереңкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде, екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарда, сондай-ақ "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде ашылған 20-таңбалы өзекті ағымдағы шоты көрсетіле отырып бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде; орфандық аурулармен ауыратын адамдарға Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тереңкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде, екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарда, сондай-ақ "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде ашылған 20-таңбалы өзекті ағымдағы шоты көрсетіле отырып бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде; цереброваскулярлық аурулардан (инсульт) зардап шегетін адамдарға (1 жыл ішінде) Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тереңкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде, екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарда, сондай-ақ "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде ашылған 20-таңбалы өзекті ағымдағы шоты көрсетіле отырып бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде; эпилепсия ауруымен ауыратын адамдарға Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тереңкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде, екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарда, сондай-ақ "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде ашылған 20-таңбалы өзекті ағымдағы шоты көрсетіле отырып бір рет 5 (бес) АЕК мөлшерінде; амбулаторлық емделуде туберкулезбен ауыратын адамдарға Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тереңкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде, екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарда, сондай-ақ "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде ашылған 20-таңбалы өзекті ағымдағы шоты көрсетіле отырып ай сайын 10 (он) АЕК мөлшерінде; адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын аурудан зардап шегетін балаларға Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі Павлодар облыстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде ай сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде;
Тармақша 9
9) ақшалай түрдегі әлеуметтік көмек: бұрын оқуын аяқтағанға дейін оқуға әлеуметтік көмек алған жоғары оқу орындарының студенттеріне құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде білім беру қызметтерін көрсетуге арналған үшжақты шартқа сәйкес біржолғы сомада мөлшерінде; жоғары оқұ орындарының оқуын аяқтау мерзіміне дейін, бұрын әлеуметтік көмек алған студенттерге оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде ай сайын 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде; он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
Тармақша 10
10) қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек: жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аспайтын, пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын және тұрғылықты жері бойынша тіркелген азаматтарға (отбасыларға) қатты отын сатып алуға (жылыту маусымы кезеңінде), жеке басын куәландыратын құжаттың не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер қоса бере отырып, бір рет 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде.
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидалардың 12-20 тармақтарына сәйкес айкындалған.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері адамның өтініші, ұйымда сұрау салу не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылады. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді және күнтізбелік бір жылда бір рет тағайындалады. Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек алушылардың тізімдерін жеке сәйкестендіру нөмірін, тегін, атын, әкесінің атын және банктік шотын көрсете отырып, денсаулық сақтау ұйымдары, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің бұйрығының әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесінде белгіленген аурулардың халықаралық сыныптамасының кодтарына сәйкес электрондық түрде ұсынады. Әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек алушылардың тізімдерін денсаулық сақтау ұйымдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратқа мәліметтерді жатқызу және онымен жұмыс істеу Қағидаларына сәйкес электрондық түрде ұсынады. Бірнеше санатқа жататын адамға әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек әрбір негіз бойынша төленеді.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмектің бір түрі бойынша біржолғы әлеуметтік көмек, төлемнің бірдей кезеңділігімен Қазақстан Республикасы бойынша жылына бір рет беріледі. Мынадай негіздер бойынша әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі: дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей. Дүлей апат салдарынан немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда;
Тармақша 2
2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған жағдайда;
Тармақша 3
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған жағдайда;
Тармақша 4
4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, осы негіз бойынша төлемді жүзеге асыруға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайда.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Павлодар облысы Тереңкөл ауданының бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады. Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.
Тармақ 14
14. Мынадай:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге кеткен;
Тармақша 3
3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;
Тармақша 4
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің анық еместігі анықталған;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады. Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды. Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады. Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Тармақ 17
17. Атаулы күндер мен мереке күндеріне төленетін әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын қалыптастыру үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган зейнетақы мен жәрдемақы алатын белсенді азаматтардың мәліметтерін алуға уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға бастама жасайды.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған кезде Үлгілік ғағидалардың 28-32-тармақтарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті мемлекеттік корпорация арқылы төлеу процесіне бастама жасайды.
Тармақ 19
19. Әлеуметтік көмек төлеуге байланысты банктік қызметтеге ақы төлеу мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.