О внесении изменений в решение Железинского районного маслихата от 10 апреля 2026 года № 230/8 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Железинского района» Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Железин аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі «Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 230/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Железин аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі «Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 230/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 223993 болып тіркелген), келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Кағидалары: 7-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын: «3) Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Железин аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім негізінде, немесе өтініш, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, немесе цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжат, жеке шот нөмірі, фактісін растайтын құжат әлеуметтік маңызы бар ауру, бірінші топтағы мүгедектерге ай сайынғы 15 (он бес) АЕК мөлшерінде»; «7-тармақтың 5) тармақшасындағы «тоқсан сайын 10 (он)» деген сөздер мен сандар «бір жолғы 40 (қырық)» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын»;» 7-тармағының 8) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын: «8) қатерлі ісіктерден бар аурумен, иммун тапшылығы вирусы ауруымен ауратын адамдарға бір жолғы 10 (он) АЕК мөлшерінде, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Железин аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім негізінде, немесе өтініш, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, немесе цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжат, жеке шот нөмірі, фактісін растайтын құжат әлеуметтік маңызы бар ауру; созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы, психикалық, мінез-құлық бұзылыстары, жедел миокардинфарктісі (алғашқы 6 ай), нерв жүйесінің дегенаративті, орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші, орфандық, ми қан айналымының жедел бұзылуы (1 жыл), эпилепсия аурумен ауратын адамдарға, біржолғы 5(бес) АЕК мөлшерінде, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Железин аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім негізінде, немесе өтініш, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, немесе цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжат, жеке шот нөмірі, фактісін растайтын құжат әлеуметтік маңызы бар ауру; амбулаториялық емделіп жатқан туберкулезбен ауыратын адамдарға ай сайын 10 (он) АЕК мөлшерінде, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Железин аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын тізім негізінде, немесе өтініш, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, немесе цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжат, жеке шот нөмірі, фактісін растайтын құжат әлеуметтік маңызы бар ауру.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.