О внесении изменения в решение маслихата от 10 апреля 2026 года № 236 «Об утверждении минимального размера взносов на управление объектом кондоминиума по городу Лисаковску на 2026 год» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 236 «Лисаков қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Лисаков қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 236 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 223840 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Лисаков қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төменгі мөлшері айына пайдалы алаңның бір шаршы метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 0,008966 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.