О проведении осеннего месячника по санитарной очистке, благоустройству, озеленению городов и населенных пунктов области в рамках общенационального движения "Добрые дела-10-летию независимости страны" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ел тәуілсіздігінің 10 жылдығына – ізгі істер» жалпыұлтық қозғаласының шеңберінде облыстың қалалары мен елді мекендерін тазалау, көркейту және көгалдандыру жөніндегі күзгі айлықты жүргізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты Қарағанды облысы әкімшілігінің аппарат Басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен. Қазақстан Республикасы Президентінің «2001 жылды Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы деп жариялау туралы» Жарлығына, Елбасының «Ел тәуелсіздігінің 10 жылдығына – ізгі істер» атты елді мекендерді тазалық пен ретке келтіру қозғалысын өрістету жөніндегі тапсырмасына сәйкес:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері: - 2001 жылдың 24 қыркүйегінен 2001 жылғы 24 қазан аралағында санитарлық тазалау, көркейту, көгалдандыру, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындардың, ұйымдарың, тұрғын үй және әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілерінің 2001-2002 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмасықа әзірлігі жөніндегі айлық өткізуді ұйымдастырылсын; - жақын орналасқан ауақтарды, көшелерді, бақтарды, саябақтарды санитарлық тазалау, көркейту, жаңғырту, көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды мезгілінде орындауды қамтамасыз етсін; - айлық өткізу барасында арықтарды, нөсер су ағатын кәріздерді тазалауға, контейнер алаңшаларын, шатырладры, су ағатын құбырларды жөндеуге, тұрғын үйлер мен әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілерінің кіреберіс есектерін бітеуге, ғимараттарға үй нөмірлері мен көше атаулары көрсетілген тақтайшаларды орнатуға ерекше көңіл бөлсін.
Тармақ 2
2. Қарағанды қаласының әкімі (К.К.Изаак), кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары кәсіпорындар мен ұйымдарға бекітілген көшелерді көркейту мен жаңғырту жөніндегі жұмыстарды аяқтау бойынша шұғыл шаралар қабылдасын және оларды қабылдау комиссиясына тапсыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Күзгі кезеңде ағаштар мен көшеттер отырғызу жөніндегі жоспар-тапсырма (N1 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 4
4. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жөніндегі күзгі аймақтық өткізу барысы туралы ақпаратты (N2 қосымша) өспелі жиынмен облыс әкімінің аппаратына апта сайын жұма күні ұсыну міндеттелсін. Қорытынды ақпарат 2001 жылғы 30 қазан қарсаңында ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Бұқаралық ақпарат құралдары санитарлық тазалау, көркейту, көгалдандыру және кәсіпорындардың, ұйымдардың, тұрғын үй мен әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілерің алдағы 2001-2002 ж.ж. жылыту маусымына әзірлігі жөніндегі жұмыстарды жүргізу барысы туралы жүйелі түрде жариялансын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі орынбасарың міндетін атқарушы П.А.Ильницкийге жүктелсін.
Басқа 1. 2001 ж. күзгі кезенде (20.09-тен 20.10-ға дейіенгі кезеңге) облыс бойынша ағаштар мен көшеттер отырғызу жөніндегі ЖОСПАР-ТАПСЫРМА
Облыс әкімінің 2001 жылғы 28.09 N 201 шешіміне N 1 қосымша 2001 ж. күзгі кезенде (20.09-тен 20.10-ға дейіенгі кезеңге) облыс бойынша ағаштар мен көшеттер отырғызу жөніндегі ЖОСПАР-ТАПСЫРМА Рет N Қаларар, аудандар Ағаштар Көшеттер 1 Қарағанды 8840 - 2 Жезқазған 800 - 3 Сәтпаев 750 - 4 Балқаш - - 5 Теміртау 1740 - 6 Саран 200 600 7 Шахтинск 600 600 8 Приозерск 1000 - 9 Қаражал (Жәйрем) 500 - 10 Абай ауданы 840 410 11 Ақтоғай ауданы 700 300 12 Бұқар жырау ауданы 450 1000 13 Жаңаарқа ауданы 200 100 14 Қарқаралы ауданы 150 150 15 Нұра ауданы 600 300 16 Осакаров ауданы 850 800 17 Шет ауданы - - 18 Ұлытау ауданы 1400 - Барлығы 19620 4260
Басқа 2. «Облыстың қалалары мен елді мекендерін санитарлық тазалау, көркейту жөніндегі күзгі айлықты жүргізу туралы» облыс әкімінің аппаратында апта сайын есеп беру үшін сұрақтар ТІЗБЕСІ
Облыс әкімінің 2001 жылғы 28.09 N 201 шешіміне N 2 қосымша «Облыстың қалалары мен елді мекендерін санитарлық тазалау, көркейту жөніндегі күзгі айлықты жүргізу туралы» облыс әкімінің аппаратында апта сайын есеп беру үшін сұрақтар ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Тазалау мен көркейтуге қатыстырылған ұжымдар саны
Тармақ 2
2. Қатысушылар саны (адам)
Тармақ 3
3. Қатыстырылған барлық техника, соның ішінде автомаштиналар, жүк тиеушілер
Тармақ 4
4. Тазартылған аумақтар (га)
Тармақ 5
5. Жойылған ұйымдастырылған қоқыстар (дана)
Тармақ 6
6. Жөнделген қасбеттер (дана)
Тармақ 7
7. Жылытылған подъездер (дана)
Тармақ 8
8. кесілген ағаштар (дана)
Тармақ 9
9. Құрғатылған үй асты (дана)
Тармақ 10
10. Жөнделген көше және аула жарықтары (дана)
Тармақ 11
11. Қоқыс жығаруға жасалған қосымша келісімдер (дана)
Тармақ 12
12. Қоқыс жинауға орнатылған қосымша контейнерлер (дана)
Тармақ 13
13. Әкетілген қоқыс көлімі (мың тонна)
Тармақ 14
14. Көріктендірілген ескерткіштер және олармен шектесетін аумақтар (дана/шаршы метр)
Тармақ 15
15. Тазартылған және жөнделген арықтар, нөсерағарлар (км)
Тармақ 16
16. Тазартылған бұлақтар Тазартылған
Тармақ 17
17. Апаттарды жойғаннан кейін аумақтарды жоспарлау және көркейту (дана)
Тармақ 18
18. Жөнделген және сырланған қоршаулары (қума метр)
Тармақ 19
19. Отырғызылған ағаштар, көшеттер (дана) Қабылданған шаралар:
Тармақ 20
20. Кәсіпорындар, ұйымдар аумақтарының санитарлық тазалық талаптарына сәйкестігін тексеру жөнінде рейдтер жүргізіді.
Тармақ 21
21. Нұсқамалар және ескертулер ресімделді.
Тармақ 22
22. Айыппұлдар салынды
Тармақ 23
23. Объектіне пайдалануды тоқтату туралы қаулылар шығарады.
Тармақ 24
24. Прокуратураға істер ресімделді.
Тармақ 25
25. Тұрғындар жиынты ұйымдастырылды.
Тармақ 26
26. Санитарлық – ағартушылық жұмыс.