Об установлении публичного сервитута государственному учреждению «Отдел архитектуры, градостроительства и строительства акимата Денисовского района» на земельный участок в целях обслуживания и эксплуатации линии электроснабжения ВЛ-10кВ Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі ВЛ-10кВ электірмен жабдықтау желісіне қызмет көрсету және пайдалану мақсатында жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Денисов ауданының Аршалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі 48 (қырық сегіз) жыл мерзімге, ауданы – 0,3448 гектар жер учаскесін «Қостанай облысы Денисов ауданының Аршалы ауылдарының тарату желілері мен құрылыстарын салу» объектісіне ВЛ-10кВ электірмен жабдықтау желісіне қызмет көрсету және пайдалану мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Аршалы ауылдық округінің әкімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы шешімнің ресми жариялағаннан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.