О подготовке и проведении празднования 10-летия принятия Конституции Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу туралы «Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1272 қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу мақсатында Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын (бұдан әрі - Конституцияның 10 жылдығы) мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі комиссия құрылсын (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Ақмола облысында Конституцияның 10 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері: Конституциясының 10 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі тиісті аумақтық комиссиялар құрсын; Конституцияның 10 жылдығын мерекелеу жөніндегі тиісті аумақтық іс-шаралар жоспарын бекітсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкімдігінің осы қаулысының күші 2005 жылғы 1 сәуірден бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және өткізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 3 наурыздағы № А-4/67 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М. Бекмағамбетовке жүктелсін.
Басқа 7
Ақмола облыс әкімдігінің 2005 жылғы 21.04. № а-5/140 қаулысына 1-қосымша Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі комиссияның құрамы
Тармақ 1
1. Бекмағамбетов Ғалым Мәдешұлы - облыс әкімінің орынбасары, төраға
Тармақ 2. Комиссия мүшелері:
2. Трищ Павел Станиславович - Ақмола облысының әділет департаментінің бастығы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) Комиссия мүшелері:
Тармақ 3
3. Политкин Николай Афанасьевич - Облыс әкімі аппаратының басшысы
Тармақ 4
4. Жазин Аманжол Жазыұлы - облыс мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)
Тармақ 5
5. Мырзалиев Нұржан Кершаизұлы - Ақмола облысының ҰҚК департаментінің бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 6
6. Қожабаев Өмірсерік Сағындықұлы - Ақмола облыстық сотының төрағасы (келісім бойынша)
Тармақ 7
7. Түсіпбеков Дауыл Төлеутайұлы - Ақмола облысының ІІББ бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 8
8. Кидик Вячеслав Николаевич - Ақмола облысы бойынша экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі департаменттің бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 9
9. Ахметов Талғат Байзоллаұлы - Ақмола облысының қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 10
10. Құлмағамбетов Марат Қадырқұлұлы - Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақмола облысы бойынша басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 11
11. Рамазанов Нұрлан Аманоллаұлы - Ақмола облысы тәртіптік кеңесінің төрағасы
Тармақ 12
12. Дмитриенко Елена Александровна - Ақмола облысы білім департаментінің директоры
Тармақ 13
13. Сейітжанова Нұрикамал Сейітжанқызы - Ақмола облысы мәдениет басқармасының бастығы
Тармақ 14
14. Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы - Ақмола облысының тілдері дамыту басқармасының бастығы
Тармақ 15
15. Савицкий Дмитрий Емельянович - Ақмола облысы қаржы департаментінің директоры
Тармақ 16
16. Айтмұхамбетов Абай Ахметқалиұлы - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры (келісім бойынша)
Тармақ 17
17. Баяділов Байқал Қайырлыұлы - Ақмола облыстық телерадио компаниясының төрағасы
Тармақ 18
18. Жағыпар Жылқыбай Жағыпарұлы – «Арқа ажары» газетінің бас редакторы міндетін атқарушы
Тармақ 19
19. Косянюк Валентина Викторовна – «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы
Тармақ 20
20. Старкова Валентина Владимировна – «Көкше-полиграфия» ААҚ-ның президенті (келісім бойынша)
Тармақ 21
21. Байдәулетова Күләш Ақанқызы - Ақмола облысы ішкі саясат департаментінің директоры, хатшысы.
Басқа 29
Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 21.04. № а-5/140 қаулысымен бекітілген Ақмола облысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары № Іс-шаралар орындалу мерзімі орындауға жауаптылар 1. Білім мекемелерінде тақырыптық, кураторлық және сыныптық сағаттар сәуір-мамыр БД, МБ, ІСД 2. Оқушылар арасында ҚР Конституциясының 10 жылдығына арналған шығармалар байқауы сәуір-мамыр БД 3. Қазақстанда конституциялық құрылысқа арналған саңлақ ғылыми студенттік жұмыстар байқауы сәуір-маусым ІСД, Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (келісім бойынша) 4. Елімізде әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалауда Қазақстанның конституциялық дамуын түсіндіру және насихаттау жетістіктері бойынша ұйымдарда, мекемелерде және кәсіпорындарда ақпараттық-насихаттау жұмыстары сәуір-тамыз БД, ӘД, БД (келісім бойынша) 5. «Тікелей эфирлер», баспасөз-конференциялар, қоғамдық тыңдаулар, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесулер сәуір-тамыз ІСД 6. Қазақстанда конституциялық дамуға арналған саңлақ жариялым байқауы сәуір-тамыз Облыс әкімдігі ІСД, ӘД (келісім бойынша) 7. Облыс бойынша көрнекі үгіт (билбордтар, көшелердегі транспарант-тартқыштар) сәуір-тамыз аудандар мен қалалар әкімдіктері 8. «ҚР Конституциясы - адам және адамзаттың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін негізгі заң» тақырыбына облыстық, конференция мамыр ІСД, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (келісім бойынша), ӘД (келісім бойынша) 9. Облыстық, басқармалар мен ведомстволар, облыстың аудандар мен қалалар әкімдіктері арасында ҚР мемлекеттік рәміздерін мекемелерде саңлақ рәсімдеу байқауы маусым- шілде ІСД 10 ҚР Конституциясының 10 жылдығына арналған экспресс-сұрау шілде ІСД, ӘД (келісім бойынша) 11 Жоғары және орта заң факультеттерінің оқу орындарының арасындағы ҚР Конституциясын жақсы білуші студенттерінің арасындағы жарыс шілде ІСД, ӘД, облыс әкімдігі 12 Бұқаралық ақпараттық құралдарда ҚР Конституциясының 10 жылдығы мен мерейтойға арналған іс-шараларға ақпараттық ілеспе 1 шілдеден кешікпеуі өте қажет облыс әкімдігі 13 Облыс активтерінің салтанатты жиналысы 26 тамыздан кешікпеуі өте қажет обл. аудандар мен қалалар әкімдіктері 14 Облыс әкімінің Ата Заңымыз мерей күні он алты жасқа толған жас азаматтарға қазақстанның мемлекеттік рәмізі бар буклеттерді, Конституция мәтіндерін, жеке куәлікті тапсыруы тамыз ІСД, ӘД (келісім бойынша), БД 15 НПО және НКЦ өкілдерінің қатысуымен «ҚР Конституциясының қоғамдық келісімді сақтауда және үкіметтік емес секторларда азаматтық ықыластың дамуындағы рөлі» тақырыбына дөңгелек үстел тамыз ІСД, ӘД келісім бойынша) Мемлекеттік органдар 16 Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметкерлердің салтанатты антты қабылдау тамыз Мемлекеттік органдар Ескерту: Әріптік қысқарманың мағынасын ашу ІСД - Ақмола облысының ішкі саясат департаменті ӘД - Ақмола облысы бойынша әділет департаменті ҰҚКД - Ақмола облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті ІІББ - Ақмола облысының ішкі істер бас басқармасы БД - Ақмола облысының білім департаменті МБ - Ақмола облысының мәдениет басқармасы әкімдігі