О юбилейной медали в ознаменование 10-летия Парламента Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 10 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы Президент пен Үкіметтің актілер жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс Қазақстандық парламентаризмнiң дамуы мен қалыптасуына елеулi үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 10 жылдығын атап өту құрметiне ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерекелiк медалi тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерекелiк медалi туралы ереже;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерекелiк медалiнiң сипаттамасы бекiтілсiн.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. "Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерекелік медалі туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 7 қарашадағы N 1666 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН "Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерекелік медалі туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерекелiк медалiмен (бұдан әрi - мерекелiк медаль) қазақстандық парламентаризмнiң дамуы мен қалыптасуына елеулi үлес қосқан, мемлекет және қоғам қайраткерлерi, қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдар мен өндiрiс саласының қызметкерлерi қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары наградталады.
Тармақ 2
2. Мерекелiк медальмен наградтау жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының төрағалары, Үкiметi, Конституциялық Кеңесi, Жоғарғы Соты, министрлiктерi, өзге де орталық мемлекеттiк органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, сондай-ақ қоғамдық бiрлестіктер енгiзедi.
Тармақ 3
3. Мерекелiк медальдi Қазақстан Республикасының Президентi тапсырады, сондай-ақ оны Қазақстан Республикасының Президентiнiң атынан және оның тапсырмасы бойынша:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының төрағалары;
Тармақша 3
3) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi;
Тармақша 4
4) өзге де лауазымды адамдар тапсыруы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Мерекелiк медальдi тапсыру салтанатты жағдайда жүргiзiледi және ол наградталушының жеке өзiне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентiнiң наградтау туралы Жарлығы жария етiледi.
Тармақ 5
5. Әрбiр наградталған адамға мерекелiк медаль тапсырумен бiр мезгiлде тиiстi куәлiк берiледi.
Тармақ 6
6. Мерекелiк медальдiң тапсырылғаны туралы белгiленген нысандағы хаттама толтырылады. Ол медаль тапсырған адамның қолы, тапсыру жүргiзген органның мөрi арқылы бекiтiлiп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жiберiледi.
Тармақ 7
7. Мерекелiк медаль сол жақ омырауға тағылады. Мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан кейiн орналасады.
Тармақ 8
8. Жүргiзiлген наградтаулардың есебiн, сондай-ақ мерекелiк медальдардың тапсырылу барысы туралы есептiлiктi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi жүргізедi.
Басқа 1. "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерекелік медалiнiң СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 7 қарашадағы N 1666 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерекелік медалiнiң СИПАТТАМАСЫ "Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерекелiк медалі латуннан дайындалады, диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер пiшiндi. Медальдiң бет жағының ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы бейнеленген. Тудың бейнесi көк түстi эмальдан жасалған. Медальдiң төменгi бөлiгiнде шеңбердi бойлай лавр бұтақшасы орналасқан. Тудың оң жағында екi жолға жазылған "10 жыл" деген бедерлi жазу бар. Медальдiң сыртқы жағының ортаңғы бөлiгiндегi жалтырақ бетке үш жолдан тұратын "Қазақстан Республикасының Парламентi" деген жазу жазылған. Жазудың астындағы төменгi бөлiкте ұлттық ою-өрнек элементi орналасқан. Медальдағы бейнелер мен жазулардың бәрi де бедерлi, алтын түстес. Медаль айналдыра жақтаушамен көмкерiлген. "Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерекелiк медалi құлақша мен шығыршық арқылы латуннан жасалған, енi - 34, биiктiгі 50 мм алтыбұрышты тағанмен жалғанады. Таған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы түстес қатқыл лентамен қапталған, оның екi жақ жиегi енi 4 мм көк түстi жолақпен көмкерiлген. Лентаның ортасында әрқайсысының енi 2 мм екi сары жолақ орналасқан. Қатқыл лентаның енi 34 мм. Тағанның сырт жағында түйреуiш орналасқан, медаль соның көмегiмен киiмге қадалады.