Об организации и проведении учебно-полевых сборов в оборонно-спортивном оздоровительном лагере Тимирязевского района с учащимися 10-х классов учебных заведений Тимирязевского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тимирязев ауданының қорғаныс спорттық сауықтыру лагерінде Тимирязев ауданының оқу орындарындағы 10-шы сыныптарының оқушыларын далада оқытуға жинауды ұйымдастыру және өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабындағы 1 тармақтың 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 10 бабына, «Бастапқы әскери дайындық туралы» 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы сәуір-мамырда қорғаныс спорттық сауықтыру лагері базасында Тимирязев ауданының оқу орындарындағы оныншы сыныптарының оқушыларын далада оқытуға алты күндік жинау өткізілсін.
Тармақ 2
2. Ауданның қаржы бөлімі бастығының міндетін атқарушы Т.В.Бересскийге, «Жалпы білім беру. Жергілікті бюджет арқылы бастауыш, негізгі және орта мектептер- балалық бақшалардың қызметтерін қамтамасыз ету» арналған 464-003-105 бюджеттік сынып коды бойынша аудан бюджетінде қаралған ассигнованиялар шегінде далада оқытуға жинауды қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ауданның білім бөлімінің бастығы А.Т.Күзеубаевқа:
Тармақша 1
1) жинау бастығы және қорғаныс спорттық сауықтыру лагерінің бастығы тағайындалсын;
Тармақша 2
2) далада оқытуға жиналуда оқушылардың дайын болуы ұйымдастырылсын және қорғаныс спорттық сауықтыру лагеріне бекітілген мерзімде олардың келуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттік санитарлык эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Р.Т.Күшбасоваға (келісім бойынша), жинау өткізілетін аумақта санитарлык талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін де азық блокінің санитарлык жағдайы және тамақ даярлау сапасы қатаң бақылауға алсын.
Тармақ 5
5. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Есдаулетовқа Т.Т. (келісім бойынша) жинау өткізу кезеніңде санитарлық машина, бір медициналық қызметкері мен қажетті медициналық дәрі-дәрмектерді атап берсін.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қ.Қ.Сұлтановқа (келісім бойынша) сауықтыру лагері аумағында қоғамдық тәртіпті қолдау үшін бір полиция қызметкерін атап берсін.
Тармақ 7
7. Аудандық қорғаныс істері жөнінде бөлім бастығы А.Н.Константиновқа (келісім бойынша) бастапқы әскери дайындықты өткізуге тағайындалған взводтар мен бөлімшелердің командирларымен оқу әдістемелік жинауды өткізсін, далада оқытуға жинауда бастапқы әскери дайындаудың оқу әдістемелік басшылығын жүзеге асырсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.В. Ганжаға және ауданның қорғаныс істері жөнінде бөлім бастығы А.Н.Константиновка жүктелсін. Ескертусіз келісілді Константинов Александр Николаевич Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы 28 сәуір 2006 жылғы Күшбасоваға Ризвангүл Төлегенқызы Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы 28 сәуір 2006 жылғы Султанов Қайрат Қаирбекұлы Тимирязев ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы 28 сәуір 2006 жылғы Есдаулетов Төлеген Толеуұлы Тимирязев ауданының орталык ауруханасының бас дәрігері 28 сәуір 2006 жылғы