О проведении учебно-полевых сборов с юношами 10 классов общеобразовательных школ района Қолданыста
Басқа 0
Ауданның жалпы білім беру мекемелерінің 10 сынып жастарымен оқу-жаттығу жиынын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттер мен әскери қызмет туралы» Заңының 11-бабын орындау мен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24-мамырдағы «Ұйымдардың ережесін бекіту және мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке дайындауды қамтамасыз етуі туралы» № 449 қаулысының 12, 53-тармақтарына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы 06-сынан 16 маусым аралығында Шандақ селолық округі аумағындағы қорғаныс-спорт лагерінде жалпы білім беру мекемелерінің 10 сынып жастарымен оқу-жаттықтыру жиыны өткізілсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Никифоров А. Н.) «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірге (Коваль П. Н.) оқу-жаттықтыру жиынына қатысушылардың қатысуын қамтамасыз ету, жиын өткізу уақытында жастардың бастапқы әскери, дене шынықтыру дайындықтарына бақылау жасау, спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Федоров ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (Бекмұхамбетов Б. Д.) және «Федоров аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Финк В. В.) жұқпалы және басқа аурулардың таралуына шектейтін медициналық іс-шаралар өткізу және оқу-жаттықтыру жиыны өткізіліп жатқанда қоғамдық тәртіп күзетімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. «Қостанай облысы Федоров аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Кенжекеев М. М.) оқу-жаттығу жиынын өткізу мезгілінде қоғамдық тәртіпке күзетті қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім 2006 жылдың 06 маусымынан қолданысқа енеді.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары В. Н. Заверухаға жүктелсін.