О проведении учебно-полевых сборов с юношами 10 классов общеобразовательных школ района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданның жалпы білім беру мекемелерінің 10 сынып жастарымен оқу-жаттығу жиынын өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттер мен әскери қызмет туралы» Заңының 11-бабын орындауда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24-мамырдағы «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке дайындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету Ережесін бекіту туралы» № 449 қаулысының 12, 53-тармақтарына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы маусымның 04-інен 10-на дейін Шандақ селолық округ аумағындағы қорғаныс-спорт лагерінде жалпы білім беру мекемелерінің 10 сынып жастарымен оқу-жаттықтыру жиыны өткізілсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері бөлімі мемлекеттік мекемесі (Никифоров А. Н.) «Федоров ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесімен бірге (Коваль П. Н.) оку-жаттықтыру жиынын қатысушылардың қатысуын қамтамасыз ету, жиын өткізу уақытында жастардың бастапқы әскери, дене шынықтыру дайындықтарына бақылау жасау спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Федоров ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялы бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (Бекмұхамбетов Б. Д.) және «Федоров аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Финк В. В.) жұқпалы және басқа ауруларды таралуына шектейтін медициналық іс-шаралар өткізу және оқу-жаттықтыру жиыны өткізіліп жатқанда коғамдык тәртіп күзетімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. «Қостанай облысы Федоров аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Кенжекеев М. М.) оқу-жаттығу жиынын өткізу мезгілінде қоғамдық тәртіпке күзетті қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн мерзімі өтілген соң колданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.