О юбилейной медали в ознаменование 10-летия столицы Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы астанасының 10 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында толық мәтіні және республикалық баспасөзде мазмұны жариялануға тиіс Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Астана қаласының 10 жылдығы құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
Тармақ 1
1. "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медалі тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медалі туралы ереже ;
Тармақша 2
2) "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медалімен медаль туралы ережеге сәйкес наградталсын.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медалі туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 мамырдағы N 581 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медалі туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медалімен (бұдан әрі - мерекелік медаль): Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі түзген және бекіткен тізім бойынша; Қазақстан Республикасы мен оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан мемлекеттік органдардың, өндірістік саланың қызметкерлері, мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау қайраткерлері, қоғамдық бірлестіктер өкілдері және шетел азаматтары Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары, Үкіметі, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты, министрліктер, өзге де орталық мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері, қоғамдық бірлестіктер енгізген ұсыныстар бойынша наградталады.
Тармақ 2
2. Мерекелік медальді Қазақстан Республикасының Президенті тапсырады, сондай-ақ оны Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері;
Тармақша 4
4) Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері;
Тармақша 5
5) өзге де лауазымды тұлғалар тапсыра алады.
Тармақ 3
3. Мерекелік медальді тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі және ол наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентінің наградтау туралы Жарлығы жария етіледі.
Тармақ 4
4. Әрбір наградталған адамға мерекелік медаль тапсырумен бір мезгілде тиісті куәлік беріледі.
Тармақ 5
5. Мерекелік медальдің тапсырылғаны туралы белгіленген нысандағы хаттама толтырылады. Ол медаль тапсырған адамның қол қоюымен, тапсыру жүргізген органның мөрімен бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберіледі.
Тармақ 6
6. Мерекелік медаль сол жақ омырауға тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан кейін орналасады.
Тармақ 7
7. Жүргізілген наградтаулардың есебін, сондай-ақ мерекелік медальдердің тапсырылу барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.
Басқа 1. "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медалінің сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 мамырдағы N 581 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медалінің сипаттамасы "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медалі латуннен дайындалады, диаметрі 40 мм дұрыс көпқырлы нысанында болады. Медальдің бет жағында дұрыс сегізқырлының бұрыштарында ұлттық ою-өрнек элементі орналасқан, сегізқырлының бұрыштарының арасында күн сәулелерін бейнелейтін бес-бестен штрал сызықтар таралған. Сегізқырлының ортасында шеңбер бейнеленген, шеңбердің ортасында сол жақ жоғары бұрышында үш жолға жазылған "10 ЖЫЛ АСТАНА" деген жазу бар, ортасында Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақорда" Резиденциясы мен "Астана-Бәйтерек" монументі бейнеленген. Бет жағының үсті жылтыр. Медальдің сыртқы бетінде шеңбер бейнеленген, шеңбердің ортаңғы бөлігінде үш жолға жазылған "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 2008" деген жазу бар. Жазудың астында ұлттық ою-өрнек элементі орналасқан. Сыртқы бетінің үсті күңгірт. "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медалі құлақша мен шығыршық арқылы биіктігі 50 мм, ені 32 мм алтыбұрышты тағанмен жалғасады, таған ені 7 мм қызыл түсті, ені 3 мм сары түсті, ені 22 мм көгілдір түсті тік жолақтары бар қатқыл лентамен қапталған. Тағанның сыртқы жағында сол арқылы медаль киімге бекітілетін визорлы кілтті түйреуіш орналасқан.