О проведении смотра-конкурса «Лучший населенный пункт области», посвященного 10-летию Независимости Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
«Облыстың үлгілі елді мекені» байқау-конкурсын
өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.04.2004 № 124 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "2001 жылды елiмiз Тәуелсiздiгi 10 жылдығының жылы деп жариялау туралы" Жарлығын iске асыру жөнiндегi 2001 жылғы 22 ақпандағы республикалық iс-шаралар Жоспарына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң аталған Жарлығын iске асыру жөнiндегi облыстық iс-шаралар Жоспарына сәйкес, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2001 жылғы 30 қаңтардағы барлық деңгейдегi әкiмдердiң республикалық кеңесiнде берген 11 тапсырмасын орындау үшiн ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына арналып, 2001 жылдың 20 сәуiрi 20 қыркүйегi аралығында "Облыстың үлгiлi елдi мекенi" байқау-конкурсы жариялансын.
Тармақ 2
2. "Облыстың үлгiлi елдi мекенi" байқау-конкурсын өткiзу туралы Ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Байқау-конкурсты өткiзу жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 4
4. Аудандардың әкiмдерi аумақтарды көркейту, көгалдандыру және тазалау жұмыстарына халықтың белсендi қатысуын ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) 2001 жылдың бюджетiн нақтылаған кезде "Облыстың үлгiлi елдi мекенi" байқау-конкурсы жеңiмпаздарын ынталандыру үшiн аудандарға 10 (он) миллион теңге көлемiнде субвенцияны ұлғайту жөнiндегi мәселенi облыстық мәслихаттың жоспарлау-бюджет комиссиясының қарауына енгiзсiн.
Тармақ 6
6. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ш. Өтемiсовке жүктелсiн.
Басқа 7. Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына
арналған "Облыстың үлгiлi елдi мекенi"
байқау-конкурсын өткiзу туралы ЕРЕЖЕ
Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 2 мамырдағы
N 119 шешiмiне
N 1 қосымша
Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына
арналған "Облыстың үлгiлi елдi мекенi"
байқау-конкурсын өткiзу туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Конкурстың мақсаты мен мiндетi
1. Конкурстың мақсаты мен мiндетi
Конкурстың негiзгi мақсаты: облыстың елдi мекендерiн қазiргi заманға лайықты тартымды бейнеге келтiру, сол арқылы тұрғындар үшiн қолайлы орта жасау.
Байқау-конкурс төмендегiдей мiндеттердi iске асырады:
Тармақша 1
1) Елдi мекендердi, өндiрiстiк объектiлер мен оған жалғас аумақтарды көгалдандыруды барынша ұлғайту, жасыл демалыс аймағын жасау және кеңейту;
Тармақша 2
2) Облыстың елдi мекендерiн жайландыру, көшелердi тазалау мен тәртiпке келтiру жолымен адамдардың өмiрi мен денсаулығына қолайлы жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) Меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдарды, облыстың әрбiр тұрғынын өндiрiстiк объектiлерге жалғас аумақтарға, тұрғын үйлер жандарына ағаш отырғызу жұмыстарына тарту.
Тарау 2. 2. Бағалау өлшемдерi
2. Бағалау өлшемдерi
Облыстың елдi мекендерiне баға берудiң өлшемдерi мыналар:
Тармақша 1
1) Елдi мекендердегi көшелердi, алаңдарды және басқа да адам көп жүретiн орындарды санитарлық-гигиеналық нормаға келтiру;
Тармақша 2
2) Көшелердi қалқандармен, тақталармен, соның iшiнде Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына арналған көрнекi үгiттiң басқа да түрлерiмен ресiмдеу;
Тармақша 3
3) 1000 адамға шаққанда отырғызылған көшеттер алаңы мен саны;
Тармақша 4
4) Өндiрiстiк бағыттағы объектiлердiң аумағын көгалдандыру;
Тармақша 5
5) Құрылыс пен көгалдандырудың бас жоспарына сәйкес ағаш отырғызу;
Тармақша 6
6) Екпе ағаштарды күту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру (суару, санитарлық жұмыстар, өсiмдiк зиянкестерiмен күрес, топырағын қопсыту т.б.);
Тармақша 7
7) Барлық елдi мекендерде, оған кiретiн жерден бастап тазалық пен тәртiптi қамтамасыз ету.
Тарау 3. 3. Байқау-конкурсқа әзiрленудi, өткiзудi
және қорытындысын шығаруды ұйымдастыру
3. Байқау-конкурсқа әзiрленудi, өткiзудi
және қорытындысын шығаруды ұйымдастыру
Байқау-конкурсқа әзiрленудi, өткiзудi және қорытындысын шығаруды облыс әкiмi жанындағы комиссия iске асырады. Облыстық комиссия аудандық комиссиялар ұсынған материалдарды қарайды. Бұл ретте елдi пункттер жағдайының аталған өлшемдерiмен бiрге республика аумағында 2001 жылдың 14 сәуiрiнен 14 мамырына және 1-нен 31-шi тамызға дейiнгi аралықта өткiзiлетiн "Игiлiктi iстер" республикалық айлығына тұрғындардың қатысуы да ескерiледi.
Байқау-конкурс 3 деңгейде өткiзiледi:
- облыстың аудан орталықтары арасында;
- облыстың селолары арасында (селолық округтер орталықтары);
- облыстың ауылдары арасында (ауылдық округтер елдi мекендерi).
Конкурсты екi кезеңде өтедi: бiрiншi кезең - 2001 жылдың 20 сәуiрiнен 14 мамырына дейiн, екiншi кезең - 2001 жылдың 1-31 тамызы аралығында.
Қорытындыларын шығару: аудандық комиссиялар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегiне дейiн облыстық комиссияға облыстық байқау конкурстың жеңiмпазына үмiткерлердiң елдi мекендерде атқарған жұмыстары туралы текстiлiк және суреттiк ақпарат тапсырады. Облыстық комиссия 2001 жылдың 20 қыркүйегiне дейiн үш номинация бойынша жеңiмпаздарды анықтайды.
Тарау 4. 4. Ынталандыру шаралары.
4. Ынталандыру шаралары.
Облыстық байқау-конкурстың жеңiмпаздарын ынталандыру үшiн облыстық бюджет есебiнен 10 млн. теңге көлемiнде сыйлық белгiленiп отыр.
Сыйлық сомалары төмендегiше бөлiнедi:
Тармақ 1
1. Облыстың үлгiлi аудан орталығына - 5 млн. теңге көлемiнде;
Тармақ 2
2. Облыстың үлгiлi селосы (селолық округ орталығы) - 3 млн. теңге көлемiнде;
Тармақ 3
3. Облыстың үлгiлi ауылы (селолық округтiң елдi мекендерi) - 2 млн. теңге көлемiнде.
Басқа 25. Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына
арналған "Облыстың үлгiлi елдi мекенi" байқау-конкурсын
өткiзу жөнiндегi облыстық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 2 мамырдағы N 119
шешiмiне N 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына
арналған "Облыстың үлгiлi елдi мекенi" байқау-конкурсын
өткiзу жөнiндегi облыстық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Тармақ 1. Комиссия мүшелерi:
1. Шавхат Әнесұлы Өтемiсов - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi:
Тармақ 2
2. Алексей Иванович Бирюков - облыстық СЭС-тың бас дәрiгерi
Тармақ 3
3. Сайран Темiрғалиұлы Дүйсентегi - облыс әкiмi аппаратының әлеуметтiк сала және қоғамдық-саяси даму бөлiмiнiң бас маманы
Тармақ 4
4. Аслан Зейнатұлы Ғұбашев - облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы
Тармақ 5
5. Роберт Хамитұлы Сүйербаев - облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы
Тармақ 6
6. Әлiбек Бақтыгерейұлы Сытдықов - облыстық инфрақұрылым және құрылыс басқармасының бастығы
Тармақ 7
7. Марат Нұржанұлы Оразғалиев - облыстық аумақтық орман және биоқорлар басқармасының басты