Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығы - Жылын өткізуге арналған аймақтық іс-шаралар жоспары туралы Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығы - Жылын өткізуге арналған аймақтық іс-шаралар жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 529-шы «2001 жылды Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығы - жылы деп жариялау туралы» жарлығын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығы - Жылын өткізу жөніндегі облыстық ұйымдастыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығы - Жылын өткізуге арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық басқармалар, департаменттер мен комитеттер аталған іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін, бір апта мерзімінде облыстық ұйымдастыру комиссиясына Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығы -Жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын табыс етсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің 2000 жылғы 15 тамыздағы № 286-шы «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданғанының 10 жылдығына арналған іс-шаралар туралы» - шешімінің күші жойылды деп есептелінсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Қуандықовқа жүктелсін.