О проведении пятого областного фестиваля культуры и искусства народов Казахстана под девизом «10 лет Мира и Дружбы» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«10 жыл бейбітшілік пен достықта» ұранымен Қазақстан халықтары мәдениеті мен өнерінің V облыстық фестивалін өткізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 29.10.2004 № 25 шешімімен. Облыс аумағында тұратын халықтардың рухани бiрлiгiн, қоғамдық келiсiмi мен саяси тұрақтылығын келешекте нығайту мақсатында, "Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларациясы мен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңы қабылданғанының 10 жылдығын тойлау іс-шараларына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын: 1. "10 жыл бейбітшілік пен достықта" ұранымен Қазақстан халықтары мәдениеті мен өнерінің V облыстық фестивалі (бұдан әрі - Фестиваль) және Фестиваль лауреаттарының қорытынды гала-концерті 2001 жылғы мамыр - желтоқсан айлары аралығында Павлодар қаласында өткізілсін. 2. Фестивальді өткізу ережелері бекітілсін (1 қосымша). 3. Фестивальді дайындау және оны өткiзу үшiн ұйымдастыру комитетi құрылып, оның құрамы бекiтiлсiн (2 қосымша). 4. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы фестивальдің қазылар құрамын бекітсін. 5. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері Фестивальді аймақтарда өткізуді қамтамасыз етсін, Фестиваль шеңберінде іс-шараларды дайындау мен өткізу жөніндегі жұмыс топтарын құрсын. 6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Н.Түменоваға жүктелсiн.
Басқа 1. "10 жыл бейбiтшiлiк пен достықта" ұранымен Қазақстан халықтарының мәдениетi мен өнерiнiң V облыстық фестивалiн өткiзу Ережесі
Облыс әкiмiнің 2001 жылғы 25 мамырдағы № 118 шешiмiне қосымша № 1 "10 жыл бейбiтшiлiк пен достықта" ұранымен Қазақстан халықтарының мәдениетi мен өнерiнiң V облыстық фестивалiн өткiзу Ережесі 1. Қазақстан халықтары мәдениетi мен өнерiнiң V облыстық фестивалiн өткiзудің осы ережесi (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 желтоқсандаєы "Мәдениет туралы" Заңына сәйкес жасалған. 2. Осы ереже фестивальдi өткiзу тәртібін, шарттары мен кестесін анықтайды. 3. Мыналар: - облыс аумаєында саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді одан әрі нығайту; - облыс аумағында тұратын халықтардың қол өнерiн, әдет-ғұрыптарын, олардың өнерi мен мәдениетiн насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, қазақстандықтардың патриоттық сезiмiн күшейту Фестивальді өткізудің мақсаты болып табылады. Фестивальдi өткiзу тәртiбi мен шарттары 4. Фестиваль 2001 жылғы сәуір мамыр-желтоқсан айлары аралығында II турмен өткiзiледi. 5. Бірінші тур қала, аудан, әрi мекен-жайлар мен село аймақтарында, селоларда барлық этникалық топтар өкiлдерi қатыстырылып өткiзiледi. Бірінші турдың жеңiмпаздары фестивальдiң II турына қатысады. Екінші тур келiсiлген кестемен облыс қалалары мен аудандарында ұлттық мәдени (конкурстар, смотрлар) мерекелерiн өткiзудi қарастырады (3 қосымша). 6. Фестивальге сын қол өнершеберлері, ұлттық шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар қатысады. 7. Облыстың аудандары мен қалаларының ұлттық мәдени (конкурс, байқау) бағдарламаларына мыналар кiредi: сәндік-қол өнер және халық кәсiпшiлiгі бұйымдарының көрмесi; ұлттық тағамдар көрмесi; концерттiк бағдарлама. 8. Концерттiк бағдарлама вокальды орындаушылар ансамбльдерінің (16 адам), хор ұжымдарының, халық аспаптары оркестрлерінің 1-2 шығармадан орындауы қарастырылуы орындауында 1-2 шығармадан орындауы қарастырылуы керек: би ұжымдары, жеке орындаушылар (аспапта ойнау, сәндік, ақындық жанр) - бiр нөмiрден. Ұлттық мәдени мерекенiң ұзақтығы 1,5-2 сағаттан аспауы керек. 9. Концерттiк бағдарламалар өткiзiлетiн мерекеден 10 күн бұрын Павлодар облысының мәдениет департаментiне ұсынылады. 10. Қазылар алқасы көркем өнерпаздар ұжымдары мен жеке орындаушылар бағдарламасын келесі өлшемдер бойынша бағалайды: қатысушылардың орындаушылық шеберлiгi; сценалық костюмi; ұсынылған ұлттық-этнографиялық ұжымдардың саны. 11. Музыкалық құрылым жағынан фонограммалары сапалы және кәсiпқой деңгейде болуы тиiс. 12. Фестиваль қорытындысы екi топ бойынша өткізіледі: бiрiншi топ - қалалар арасында; екiншi топ - аудандар арасында. Топтар бойынша қорытындылар жасау үшін мына төмендегiдей көрсеткіштер белгіленеді: шараларды өткiзудi ұйымдастыру; Фестивальдiң бiрiншi турын өткiзу және онда селолыұ округтердің қатысуларын қарастыру; ұсынылған ұлттық ұжымдардың саны; қатысушылардың орындаушылық шеберлiктері, сахналық костюмдерi; мәдениет мекемелерiнiң көркейтiлуi мен рәсiмделуi. 13. Ең үздiк шыєармашылық ұжымдар, орындаушылар, сән қол-өнерi шеберлерi 2001 жылдың желтоқсан айында Павлодар қаласында өтетiн қорытынды гала-концертке қатысады.
Басқа 2. "10 жыл бейбітшілік пен достықта" ұранымен Қазақстан халықтарының мәдениетi мен өнерiнiң V облыстық фестивалiн өткiзу жөнiнде ұйымдастыру комитетiнiң ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмiнің 2001 жылғы 25 мамырдағы № 118 шешiмiне қосымша № 2 "10 жыл бейбітшілік пен достықта" ұранымен Қазақстан халықтарының мәдениетi мен өнерiнiң V облыстық фестивалiн өткiзу жөнiнде ұйымдастыру комитетiнiң ҚҰРАМЫ Түменова Бақыт Ниязбекқызы - облыс әкiмiнiң орынбасары, төрағасы Даржұман Қанат - Қазақстан халықтары Кiшi Ассамблеясы төрағаның орынбасары Қанафина Айым Мүкәрамқызы - облыс мәдениет департаментiнiң бастығы, төрағаның орынбасары Ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерi: Ахметов Абылай Болтабайұлы - Железинка ауданы ішкі саясат, мәдениет және спорт бөлімінің бастығы Ахметова Күлжан Мұқышқызы - Павлодар ауданы әкiмiнiң орынбасары Әбiлқасымов Талғат Сәукенұлы - Май ауданы әкiмiнiң орынбасары Әукенов Мұрат Майжанұлы - Облыс мәдениетті, өнер мен спортты қолдау қоғамдық Қорының атқарушы директоры (келісім бойынша) Вострейко Надежда Васильевна - Қашыр ауданы әкiмiнiң орынбасары Келдібаева Үміт Темірханқызы - Ақтоєай ауданы әкімінің орынбасары Логунова Ляна Александровна - Павлодар қаласындағы Мәдениет сарайының директоры Мұсабаев Жабай Жанәбiлұлы - Баянауыл ауданы әкiмiнiң орынбасары Мүрсәлiмов Сұлтан Болатсепұлы - Екiбастұз қаласы әкiмiнiң орынбасары Мусина Ғалия Қайруллинқызы - Облыс әкiмi аппаратының бөлiм меңгерушiсi Омаров Мұхит Мүрсәлiұлы - Облыстық "Сарыарқа самалы" редакторы Поминов Юрий Дмитриевич - Облыстық "Звезда Прииртышья" газетiнiң редакторы Темiржанова Гүлстан Сағынтайқызы - Шарбақты ауданы әкiмiнiң орынбасары Тышқанова Нұржамал Сағадатқызы - Ақсу қаласы әкiмiнiң орынбасары Федоненко Василий Харитонович - Лебяжi ауданы әкiмiнiң орынбасары Шәмкенова Роза Шәмкенқызы - Павлодар ауданы әкiмiнiң орынбасары Шәрiпов Амантай Құлмырзинұлы - Ертiс ауданы әкiмiнiң орынбасары Ыбыраев Аманбай Құлмырзаұлы - облыстық ауданы әкімінің "Дидар" телерадиокомпаниясының төрағасы Юсупок - Облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм Думанбеков Тұрсынбекұлы басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Басқа 3. Облыстың қалалары мен аудандарында ұлттық мәдени мерекелердi (конкурстары, байқаулары) өткiзудiң к е с т е с i
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 2001 жылғы 25 мамырдағы № 118 шешiмiне 3-қосымша Облыстың қалалары мен аудандарында ұлттық мәдени мерекелердi (конкурстары, байқаулары) өткiзудiң к е с т е с i № Қалалар мен аудандардың атаулары Өнер көрсететiн күндерi 1 Павлодар 2001 жылғы 25 қазан 2 Екібастұз 2001 жылғы 4 қараша 3 Ақсу 2001 жылғы 21 қазан 4 Ақтогай 2001 жылғы 9 қыркүйек 5 Баянаул 2001 жылғы 5 тамыз 6 Железинка 2001 жылғы 19 тамыз 7 Ертіс 2001 жылғы 26 тамыз 8 Қашыр 2001 жылғы 30 қыркүйек 9 Лебяжі 2001 жылғы 7 қазан 10 Май 2001 жылғы 12 тамыз 11 Павлодар 2001 жылғы 14 қазан 12 Успенка 2001 жылғы 16 қыркүйек 13 Шарбақты 2001 жылғы 23 қыркүйек