О юбилейной медали в ознаменование 100-летия железной дороги Казахстана Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан темір жолының 100 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы Республикада темір жол көлігінің қалыптасуына және дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік азаматтарды көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан темір жолының 100 жылдығы құрметіне қаулы етемін:
Тармақ 1
1. "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалі тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалі туралы ереже ;
Тармақша 2
2) "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 1353 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалі туралы ереже
Тармақ 1
1. "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалімен (бұдан әрі - мерекелік медаль) республикада темір жол көлігінің дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік азаматтар наградталады.
Тармақ 2
2. Мерекелік медальмен наградтауды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі жүргізеді.
Тармақ 3
3. Мерекелік медальмен наградтау туралы қолдаухатты ұсыну және қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі белгілейді.
Тармақ 4
4. Мерекелік медальді тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі, " Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы " акционерлік қоғамының президенті, облыстардың, Астана және Алматы қаласының әкімдері мен осыған уәкілеттік берілген өзге де лауазымды тұлғалар жүргізеді.
Тармақ 5
5. Әрбір наградталған адамға мерекелік медаль тапсырумен бір мезгілде тиісті куәлік беріледі.
Тармақ 6
6. Мерекелік медальді тапсыру жүргізілгені туралы белгіленген нысандағы хаттама жасалады. Ол медальді тапсырған адамның қойған қолымен, тапсыру жүргізген органның мөрімен бекітіледі және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне жолданады.
Тармақ 7
7. "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалі кеуденің сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары бар болса, олардан кейін орналасады. N990090
Тармақ 8
8. Жүргізілген наградтаулардың есебін, сондай-ақ мерекелік медальдарды тапсыру барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі жүргізеді.
Басқа 1. "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалінің сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 1353 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалінің сипаттамасы "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалі жезден жасалады, диаметрі 34 мм және қалыңдығы 2,5 мм шеңбер пішінді болады. Медальдің бет жағында (аверсінде) Қазақстан Республикасының контур картасының аясында рельсте тұрған паровоз бен қазіргі заманғы электровоздың бедерлі бейнесі орналасқан. Контур картасы Қазақстан Республикасы астанасының орналасқан жері баса көрсетілген көгілдір түсті эмальмен бейнеленген. Бейненің төменгі жағында 1904-2004 датасы орналасқан. Медальдың сырт жағында (реверсінде) "Қазақстан темір жолына 100 жыл. 100 лет железной дороге Казахстана" жазуы орналастырылған. Төменгі жағында қазақтың ұлттық оюының өрнегі бейнеленген. Медаль сақина мен құлақша арқылы жиектері бойында алтын және ақ түсті тік жолақтары бар көгілдір түстегі қатқыл лентамен тысталған биіктігі 55 мм және ені 34 мм тағанға жалғанады. Тағанның сырт жағында қапсырма құлыпты түйреуіш бекітілген.