Об утверждении Правил установления соответствия участника «Астана Хаб» условиям уменьшения корпоративного подоходного налога на 100 процентов по доходам от оказания услуг в сфере информатизации Қолданыста
Басқа 0
«Астана Хаб» қатысушысының ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту шарттарына сәйкестігін белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 741-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Астана Хаб» қатысушысының ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту шарттарына сәйкестігін белгілеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Жасанды
интеллект және
цифрлық даму министрі
2025 жылғы 27 қарашадағы
№ 599/НҚ Бұйрықпен
бекітілген
«Астана Хаб» қатысушысының ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту шарттарына сәйкестігін белгілеу қағидалары
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Астана Хаб» қатысушысының ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту шарттарына сәйкестігін белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 741-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және «Астана Хаб» қатысушысының ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту шарттарына сәйкестігін белгілеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Астана Хаб» қатысушысы (бұдан әрі – Қатысушы) – Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 17-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға;
Тармақша 2
2) Қатысушының бизнес-жоспары (бұдан әрі – бизнес-жоспар) – «Aстана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 415 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17437 болып тіркелген) 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қатысушы ретінде тіркелу кезінде заңды тұлға ұсынатын бизнес-жоспар.
Тарау 2
2-тарау. «Астана Хаб» қатысушысының ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту шарттарына сәйкестігін белгілеу тәртібі
Тармақ 3
3. «Астана Хаб» қатысушысының ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту шарттарына сәйкестікті (бұдан әрі – шарттарға сәйкестік) «Астана Хаб» автономды кластерлік қоры (бұдан әрі – Қор) белгілейді.
Тармақ 4
4. Шарттарға сәйкестік салықтық есепті кезеңнің қорытындылары бойынша жыл сайын белгіленеді және Қордың интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Шарттарға сәйкестікті белгілеу үшін Қатысушы есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей «Астана Хаб» қатысушысының ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту шарттарына сәйкестігін белгілеуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) Қор белгілеген нысан бойынша толтырады және Қорға интернет-ресурс арқылы жолдайды, онда мынадай деректер бойынша нақты көрсеткіштер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) іске асырудан түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын азайту қолданылатын ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін «Астана Хаб» қатысушысы жұмыскерлерінің саны;
Тармақша 2
2) іске асырудан түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын азайту қолданылатын ақпараттандыру саласында қызметтер көрсету үшін «Астана Хаб» қатысушысы жұмыскерлерінің қажетті біліктілігінің және (немесе) еңбек өтілінің және (немесе) тәжірибесінің болуы;
Тармақша 3
3) іске асырудан түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын азайту қолданылатын ақпараттандыру саласында қызметтер көрсету бойынша «Астана Хаб» қатысушысының жұмсалған шығыстары.
Тармақ 6
6. Өтінімге мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
Тармақша 1
1) ақпараттандыру саласындағы қызметтерді көрсетуге арналған шарттардың (келісімшарттардың) көшірмелері;
Тармақша 2
2) еңбек шарттары туралы және олардың тіркелгенін растайтын мәліметтер;
Тармақша 3
3) жұмыскердің мынадай мәліметтерді растайтын құжаттары: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, біліктілігі және (немесе) еңбек өтілі және (немесе) жұмыс тәжірибесі;
Тармақша 4
4) шарттарды, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілерін, шоттарды, шот-фактураларды, қызметтердің нақты көрсетілгенін және оларға ақы төленгені туралы куәландыратын төлем құжаттарын қоса алғанда, ақпараттандыру саласындағы қызметтерді көрсету үшін жұмсалған шығыстарды растайтын, Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес жасалған бастапқы бухгалтерлік құжаттар.
Тармақ 7
7. Қор 25 (жиырма бес) күнтізбелік күн ішінде Қатысушы өтінімде көрсеткен және ұсынған құжаттармен расталған нақты көрсеткіштердің бизнес-жоспарда көрсетілген көрсеткіштерге сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
Тармақ 8
8. Өтінімде және (немесе) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттарда қамтылған мәліметтердің толық еместігі, дәйексіздігі немесе сәйкес келмеуі белгіленген жағдайда, Қор қатысушыға ескертулер жібереді.
Өтінімді қарау мерзімі көрсетілген ескертулер жойылғанға дейін, бірақ Қатысушы оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Тармақ 9
9. Өтінімді қарау қорытындылары бойынша Қор шарттарға сәйкестікті беру туралы немесе осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша одан бас тарту туралы шешімді (бұдан әрі – шешім) қабылдайды.
Қор шарттарға сәйкестікті электрондық форматта Қордың интернет-ресурсы арқылы ұсынады. Қордың интернет-ресурсында 24 (жиырма төрт) сағаттан артық техникалық ақаулар болған жағдайда, шарттарға сәйкестік қағаз жеткізгіште ұсынылады.
Тармақ 10
10. Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген мерзімде міндетті құжаттарды ұсынбау, бизнес-жоспарда мәлімделген 50 (елу) пайыздан астам нақты көрсеткіштерге қол жеткізбеу не осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген мерзімде ескертулерді жоймау шарттарға сәйкестікті ұсынудан бас тарту үшін негіздер болып табылады.
Тармақ 11
11. Шарттарға сәйкестік туралы берілген шешім күнтізбелік жыл ішінде қайта қаралуға жатады.
Шарттарға сәйкестік туралы берілген шешім қайта қаралған жағдайда, Қор тиісті ақпаратты салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.