О снижении базовой налоговой ставки на придомовые земельные участки, превышающие 1000 квадратных метров Күшін жойған
Басқа 0
1000 шаршы метрден асатын үй жанындағы
жер учаскелеріне салынатын базалық
салық мөлшерлемесін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 531-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 1000 шаршы метрден асатын үй жанындағы жер учаскелеріне базалық салық мөлшерлемесі 1 шаршы метр үшін 6,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 19/18-VI «1000 шаршы метрден асатын үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемесін төмендету туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5557 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.