Об установлении водоохранной зоны и полосы реки Тобол на земельном участке, предназначенном под реконструкцию животноводческих помещений на 1000 голов свиней в селе Гришенка Денисовского сельского округа Денисовского района, режима и особых условий их хозяйственного использования Күшін жойған
Басқа 0
Денисов ауданы Денисов ауылдық округінің Гришенка ауылындағы 1000 бас шошқаға малшаруашылығы жайларын қалпына келтіруге арналған жер телімінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше шарттарын және тәртібін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Уәкілетті органдарымен келісілген, бекітілген жобалық құжаттамалардың негізінде 1-қосымшаға сәйкес Денисов ауданы Денисов ауылдық округінің Гришенка ауылындағы 1000 бас шошқаға малшаруашылығы жайларын қалпына келтіруге арналған жер телімінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Денисов ауданы Денисов ауылдық округінің Гришенка ауылындағы 1000 бас шошқаға малшаруашылығы жайларын қалпына келтіруге арналған жер телімінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше шарттары және тәртібі 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Әкімдіктің
2011 жылғы 31 қазандағы
№ 451 қаулысына 1-қосымша
Денисов ауданы Денисов ауылдық округінің Гришенка ауылындағы 1000 бас шошқаға малшаруашылығы жайларын қалпына келтіруге арналған жер телімінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі
Су объектісі,
оның телімі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Орташа
көп
жылдық
судың
сабалық
кемері
(метр)
шекараның
ұзақтығы,
ұзындығы
(метр)
алаңы
(гектар)
ені
(метр)
шекараның
ұзақтығы,
ұзындығы
(метр)
алаңы
(гектар)
ені
(метр)
Тобыл өзені
Денисов
ауданы
Денисов ауылдық округінің
Гришенка
ауылындағы
1000 бас
шошқаға
малшаруашы-
лығы жайларын
қалпына
келтіруге
арналған жер
телімі
(Су қорғау
аймағы мен
белдеуін
белгілеу
жобасына
тапсырыс
беруші –
"Лига-2010"
жауапкерші-
лігі шектеулі
Тармақша серіктестігі
серіктестігі)
84
7,56
900
84
0,84
100
90,0
Басқа 6
Әкімдіктің
2011 жылғы 31 қазандағы
№ 451 қаулысына 2-қосымша
Денисов ауданы Денисов ауылдық округінің Гришенка
ауылындағы 1000 бас шошқаға малшаруашылығы жайларын қалпына келтіруге арналған жер телімінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше шарттары және тәртібі
Тармақ 1
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.