О снижении базовой налоговой ставки на придомовые земельные участки, превышающие 1000 квадратных метров Қолданыста
Басқа 0
1000 шаршы метрден асатын үй жанындағы жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемесін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Салық кодексі» Кодексінің 602-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 1000 шаршы метрден асатын үй жанындағы жер учаскелеріне базалық салық мөлшерлемесі 1 шаршы метр үшін 6,00 ден 0,20 теңгеге дейін төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Риддер қалалық маслихатының 2022 жылғы 31 тамыздағы № 17/3-VII «1000 шаршы метрден асатын үй жанындағы жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемесін төмендету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 29383 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.