О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 10.02.03 года № 1017 «О квоте иммиграции оралманов на 2003 год», постановления Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2003 г. № 250 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 10 февраля 2003 г. № 1017 «О квоте иммиграции оралманов на 2003 год» Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1017 “2003 жылға көші-қон квотасы туралы” Жарлығын, 2003 ж. 14 наурыздағы № 250 “Қазақстан Республикасы Президентінің “Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп-келу квотасы туралы” 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1017 Жарлығын іске асыру туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Рсспубликасы Президснтінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1017 “2003 жылға арналған көші-қон квотасы туралы” Жарлығын, 2003 жылы 14 наурыздағы №250 “Қазақстан Республикасы Президентінің “Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп-келу квотасы туралы” 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1017 Жарлығын іске асыру туралы” Қазақстан Рсспубликасының Үкіметінің қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, көші-қон кәне демография басқармасы оралмандардың отбасыларын қабылдауды, қоныстандыруды, жұмысқа орналастыруды және басқа да әлеуметтік іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалар бойынша Өзбекстан, Монғолия, Ресейден келген 2003 жылға арналған оралмандардың отбасылары санының квоталары бөлінуі мен Ақмола облысына 2003 ж. Өзбекстан, Монғолия, Ресейден келген оралмандарды қабылдау мен орналыстыру жөніндегі облыстық штабтың құрамы бекітілсін (қосымша 1, 2).
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Комалдинов И.М.) оралмандарды медициналық тексеруден өткізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (А.С. Мадияров) көшіп келушілердің зейнетақысы мен басқа да әлеуметтік төлемдерін 13 желтоқсан 1997 жылы № 204-1 Қазақстан Республикасының «Көші-қон туралы» Заңына сәйкес рәсімдеу шараларын қолдансын.
Тармақ 5
5. Облыстық қазынашылық басқармасы (З.А. Исмаилов) (келісім бойынша) оралмандардың бір рет берілетін жәрдем ақыларын төлеуге, көшуге шығарған шығындарын өтеуге, және дәрі-дәрмек алуға Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография агенттігі республикалық бюджеттен бөлген қаржылардың белгіленсін мөлшерде және уақытында бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы (Савицкий Д.Е.) 2003 жылдың Өзбекстан, Монғолия, Ресей квотамен келген оралмандардың отбасыларына баспана алуға мақсатты трансфертті қаржыны облыстық бюджет арқылы қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Облыстық білім басқармасы (Е.А. Дмитриенко) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 18.11.1991 жылғы «Қазақ ССРіне келіп ауылды жерлерге жұмыс істеуге ықтиярлық білдірген қандас азаматтарының және шетел азаматтарының көшіп келу тәртібі» туралы қаулысының 9 бабына сәйкес оқушылардың оқу орындарында, жалпы білім беретін мектепте профиліне сәйкес оқуын қамтамасыз етсін, мектепке дейінгі мекемелерден орындар берсін. Оралмандардың отбасыларына балалары ана тілінде оқып, тәрбие алуы үшін кажетті жағдайлар жасасын.
Тармақ 8
8. Ішкі істер бас басқармасы (Д.Т. Түсіпбеков) оралмандардың мүліктерін қорғау, тіркеуден өткізу және оларға еркін қоныстануы үшін құжаттар беру бойынша шараларды жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С. Сейітжановқа жүктелсін.
Ақмола облысы бойынша
көші-қон және демография
баскармасының бастығы
Қасенов Т. Ш.
Облыстық денсаулық сақтау
басқармасының бастығы
Комалдинов И.М.
Облыстық еңбекпен, жұмыспен
қамту және халықты әлеуметтік
қорғау басқармасының бастығы
Мадияров А.С.
Облыстық қазынашылық
басқармасының бастығы
Исмаилов З.А.
Облыстық қаржы
басқармасының бастығы
Савицкий Д.Е.
Облыстық білім
басқармасының бастығы
Дмитриенко Е.А.
Облыстық ішкі істер
басқармасының бастығы
Түсіпбеков Д.Т.
Басқа 10
Қосымша 1 Ақмола облысы әкімдігінің
19.05.2003 ж. № а-5/151 “Қазақстан
Республикасы Президентінің 10 ақпан
2003 жылғы № 1017 “2003 жылға
арналған көші-қон квотасы туралы”
Жарлығын, 2003 ж. 14 наурыздағы
№ 250 “Қазақстан Республикасы
Президентінің “Оралмандардың 2003
жылға арналған көшіп-келу квотасы туралы”
2003 жылғы 10 ақпандағы № 1017 Жарлығы
іске асыру туралы” Қазақстан Республикасының
Үкіметінің қаулысын , жүзеге асыру жөніндегі
іс-шаралар туралы жүзеге асыру жөніндегі
іс-шаралар туралы қаулысы
Өзбекстан, Монғолия, Ресейден квота бойынша келген оралмандардың отбасылары санын аудандар мен қалаларға БӨЛУ
№
Аудандар мен қалалардың атаулары
Өзбекстан
Монғолия
Ресей
Барлығы
1
Ақкөл
20
20
2
Аршалы
22
3
25
3
Астрахан
40
40
4
Атбасар
40
2
42
5
Бұланды
30
30
6
Егіндікөл
30
30
7
Есіл
40
40
8
Ерейментау
40
40
9
Жақсы
36
36
10
Жарқайың
35
35
11
Қорғалжын
30
30
12
Сандықтау
25
25
13
Целиноград
23
2
25
14
Шортанды
17
2
3
22
15
Зеренді
20
3
23
16
Щучье
30
4
34
17
Еңбекшілдер
27
3
30
18
Степногорск
23
10
33
19
Кокшетау
28
20
48
Барлығы
556
14
38
608