О внесении изменений и дополнений в решение акима области от 10.09.99 г № 220 Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімінің 1999 жылғы қыркүйектің
10-ындағы 220 нөмерлі шешіміне өзгертулер мен толықтырулар
енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды –
Маңғыстау облысы әкімінің 15.08.2000 № 482 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы тамыздың 27-індегі 1263 нөмерлі “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы қарашаның 27-індегі 1202 каулысына өзгерістер ендзу туралы” қаулысына сәйкес облыс әкімінің 1999 жылғы қыркүйектің 10-ындағы 220 нөмерлі “Облыста мұнай өнімдерін әкелудің, сатып өткізудің және сапасын бақылаудың тәртібі туралы” шешіміне мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2 нөмерлі Қосымшаға:
«Мұнай өнімдерін әкелудің, стып өткізудің және пайдаланудың тәртібі» атты екінші тараудағы екінші тармақ мынадай жаңа мәтінде берілсін:
Қазақстан Республикасы аумағына тасымал көлігінің кез-келген түрімен мұнай өнімдерін әкелуге рұқсат етіледі.
Мұнай өнімдерінің темір жол цистерналарымен әкелінуі, Үкіметтің 1998 жылғы қарашаның 27-індегі 1202 нөмерлі қаулысына сәйкес арнайы жабдықталған терминалдарда және тиісті талаптарға жауап беретін темір жол тұйықтарында жүзеге асырылуы тиіс.
алтыншы тармақтағы «қаласының» сөзінен кейін «және басқа да елді мекендер» сөз тіркесі енгізілсін.