О применении к импортируемым товарам акционерной компании "ДАЭКО" ставок таможенных пошлин и порядка обложения налогом на добавленную стоимость, действовавших соответственно до 11 января и 1 апреля 1995 года Күшін жойған
Басқа 0
"ДАЭКО" акционерлiк компаниясының импортталатын тауарларына кеден бажының ставкаларын және тиiсiнше 1995 жылдың 11 қаңтарына және 1 сәуiрiне дейiн қолданылған қосымша құн салығын салу тәртiбiн қолдану туралы
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 31.07.1997 № 1190 қаулысымен.
"Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 383-бабының негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"ДАЭКО" акционерлiк компаниясының импортталатын тауарларына кеден бажының ставкаларын және тиiсiнше 1995 жылдың 11 қаңтарына және 1 сәуiрiне дейiн қолданылған қосымша құн салығын салу тәртiбiн қолдану туралы Қазақстан Республикасының Кеден-тариф кеңесiнiң 1995 жылғы 19 шiлдедегi N 4 шешiмiне келiсiм берiлсiн.