О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 11 августа 1992 г. N 666 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 11 тамыздағы N 666 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Ескерту Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.08.07. N 983 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 11 тамыздағы N 666 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 32, 489-бап) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi комитеттiң ұсынған құрамы бекiтiлсiн; 4-тармақтың күшi жойылған деп танылсын; аталған қаулымен бекiтiлген "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы Ереженiң 1-тармағындағы "30" саны "35" саны болып алмастырылсын.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi комитеттiң
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 тамыздағы N 888 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi комитеттiң ҚҰРАМЫ Жүкеев Т.Т.             - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары (төраға) Әйтiмова Б.С            - Жастар iсi, туризм және спорт министрi (төрағаның орынбасары) Тiлегенов Т.З.          - Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiнiң мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс бөлiмiнiң бастығы (хатшы) Ғылым, бiлiм, спорт және техника секциясы Әубәкiров Т.О.           - ұшқыш-ғарышкер, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты Бәйменов А.              - техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты Досымбетов Т.К.          - Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетiнiң бiрiншi вице-президентi Жұмадiлдаев А.           - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Теориялық және қолданбалы математика институты лабораториясының меңгерушiсi, физика-математика ғылымдарының докторы Кузнецов А.Ю.            - "Контакт" ғылыми-техникалық жастар орталығының директоры, философия ғылымдарының кандидаты Лесковский С.М.          - "Экспресс К" газетiнiң бас редакторы Мулявина Н.Д.            - "Надежда" акционерлiк қоғамының бас директоры Нұрғалиева Е.Н.          - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң орынбасары, заң ғылымдарының докторы Рүстембаев Б.Е.          - Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi жастар саясаты жөнiндегi бас басқармасының бастығы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Орынбеков М.С.           - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Философия және құқық институтының бөлiм меңгерушiсi, философия ғылымдарының докторы Қалманов К.Ж.            - Қарағанды политехника институты кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Шабельников В.К.         - психология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң консультанты Мәдениет, әдебиет, сәулет және өнер секциясы Бельгер Г.К.             - жазушы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты Долматова Н.В.           - М.Ю.Лермонтов атындағы Республикалық академиялық орыс драма театрының әртiсi, Қазақстан Республикасының еңбек сіңiрген әртiсi Жолжақсынов Д.           - Қазақтың мемлекеттiк балалар мен жасөспiрiмдер театрының актеры, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген әртiсi Исабеков Д.              - жазушы, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк сыйлығының лауреаты Қасейнов Д.К.           - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттiк консерваториясының ректоры, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген өнер қайраткерi Қосанов Ә.С.             - Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрiнiң орынбасары Құлкенов М.              - "Жалын" журналының бас редакторы Монтахаев К.             - сәулетшi, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк сыйлығының лауреаты Серiкқалиев З.С.         - әдебиет сыншысы Теменов Т.Д.             - Қазақстан Республикасының киноматографистер одағы басқармасының хатшысы Төлепбаев Е.              - суретшi, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген өнер қайраткерi