О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 11 января 1994 года № 56 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 қаңтардағы № 56 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2005 № 124 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысы мемлекеттiк банкiсiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 қаңтардағы N 56 қаулысының 2 қосымшасына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
1. Тұрғын үй құрылысы банкiнiң құрамына мыналар кiргiзiлсiн:
Амантаев Ж.Т. - Басқарма төрағасының орынбасары -
Тұрғын үй құрылысы банкi құрылысты
кредиттеу департаментiнiң директоры
Бутин Е.М. - Басқарма төрағасының орынбасары -
Тұрғын үй құрылысы банкiнiң
атқарушы директоры
Қайыржанов У.Т. - Тұрғын үй құрылысы банкi экономикалық
талдау және қаржы жоспарлау
департаментiнiң директоры
Мұхаметжанов Б.С. - Қазақстан Республикасының Құрылыс
тұрғын үй және аумақтарда құрылыс
салу министрлiгi құрылыс экономикасы
жетекшi басқармасының бастығы
Тармақ 2
2. Мыналар Басқарманың құрамынан шығарылсын:
Әкiмжанов А.А.
Досмағанбатов Б.Ф.
Құдайбергенов Д.
Тоқаев О.С.