О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 января 1996 г. N 53 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.05.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы N 53 қаулысына өзгерту енгiзу туралы Қазақстанның экономикалық және рухани әлеуетiн көтеруге барынша толық жәрдемдесу мақсатында және ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттiк жүйесiн дамытуда Ұлттық кiтапхана ролiнiң өсуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы N 53 қаулысына өзгерту енгiзiлсiн: 25-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ұлттық ғылым академиясына және Ұлттық кiтапханаға бөлiнген еңбекақы қорының шегiнде ведомстволық бағыныстағы ғылыми мекемелерге еңбекақы ставкаларына 1,75 көтерiңкi коэффициент белгiлеу құқығы берiлсiн".