О внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 11 ноября 1996 года № 3205 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205 Жарлығына толықтыру енгiзу туралы
"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңы 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 44, 424-құжат; 2005 ж., N 15, 174-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережеде 8-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекеттердегi сайлауды байқау үшiн жiберу тәртiбiн айқындайды және ол жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.