О внесении дополнений и изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 11 ноября 1996 года № 3205 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 44, 424-құжат; 2005 ж., № 15, 174-құжат; 2006 ж., № 33, 350-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережеде: 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары мен хатшысы комиссияның бірінші отырысында сайланады.»; 8-тармақта: мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының бір бөлігін сайлауға қатысу үшін саяси партияларға рұқсат беру туралы мәселені қарайды;»; 3) тармақша алып тасталсын; 5) тармақшада: «арыздар мен шағымдарды қарайды;» деген сөздерден кейін «сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады;»; «саяси партиялардың өкілдерімен» деген сөздерден кейін «және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен» деген сөздермен толықтырылсын; 6) тармақшада: «мәслихаттардың депутаттарын және» деген сөздерден кейін «өзге де» деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындауды ұйымдастырады, оларды беру мен есепке алудың тәртібін айқындайды;»; 8) тармақшада «, олардың сенім білдірген адамдарын» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді және Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді; бұқаралық ақпарат құралдарында партиялық тізімдерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны жариялайды;»; 13) тармақша «Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде қайта дауыс беру мен қайта сайлау өткізуді ұйымдастырады;» деген сөздермен толықтырылсын; 16) тармақша «мәслихаттар депутаттары мен» деген сөздерден кейін «өзге де» деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын: «16-1) таңдаушылардың шешімі бойынша Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату жөніндегі құжаттардың үлгілерін бекітеді; таңдаушылардың шешімі бойынша Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату жөнінде дауыс беру қорытындыларын белгілейді;»; 17) тармақшада «Парламент Мәжілісі мен» деген сөздер алынып тасталсын; 17-1) тармақшада «web-сайтына» деген сөздер «интернет-ресурсына» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 17-5), 20-1) және 21-1) тармақшалармен толықтырылсын: «17-5) электрондық сайлау жүйесін іске қосу уақытын белгілейді;»; «20-1) партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындыларына қарай депутаттық мандаттарды бөлу үшін квота белгілейді;»; «21-1) саяси партияларды қаржыландыру тәртібін айқындайды;».
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.